Тік төртбұрыш

Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер

Білімділік

  • Тік төртбұрыштың мәнді белгілерін анықтау және ажырату.
  • Өрнектерді салыстыру арқылы қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттеріне қорытынды жасау.
  • Кестелік қосу мен азайту дағдыларын бекіту.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа баулу.
  • Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық

  • Танымдық қабілетті дамыту.
  • Шығармашылыққа бағыттау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру

  • Оқу құралдарын тексеру, сабаққа назар аударту.
  • Сыныпты 3 топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Ұғып алып, біліп алып,
«Беске» қолды жеткізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

«Қайталау — білім анасы»

Өткенді қайталау мақсатында «Эстафета» ойыны өткізіледі: әр топтан екі оқушы шығып, бір-біріне көмектесе отырып «баспалдақпен көтеріледі». Сол жаққа бірінші қосылғыш, оң жаққа екінші қосылғыш жазылады (12, 13, 14 сандары бойынша).

III. Жаңа сабақ: тік төртбұрыш және қосудың қасиеттері

1) Тік төртбұрышты таныстыру

  • Тақтаға: тік төртбұрыш, 1–2 тік бұрышы бар төртбұрыш және тік бұрыштары жоқ төртбұрыш ілінеді.
  • Тік бұрышы бар сызғыштың көмегімен төртбұрыштардың тік бұрыштарын табады.
  • Төртбұрыштың 1, 2 немесе 4 бұрышы тік болуы мүмкін екені байқатылады.
  • Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш тік төртбұрыш деп аталады.

2) Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма (геометриялық мазмұн)

  • а) Фигураларды ата. Бұрыштары қандай?
  • ә) Тік төртбұрыштарды тап, нөмірлерін жаз.
  • б) Торкөз дәптерге тік төртбұрыш салу: бір нүкте белгіле. Сол нүктеден оңға 4 торкөз, төмен 6 торкөз, солға 4 торкөз, жоғары 6 торкөз жүргізіп, сызықты үзбей аяқта.
    Сұрақ: Бұл қандай фигура?

2-тапсырма: теңдіктерді салыстыру арқылы түсіндіру

Есепті шешу әдістері көрнекілікпен түсіндіріледі. Әр топ өз шешу нұсқаларын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

5 + (3 + 2) = 10

Жауабы дұрыс

(5 + 3) + 2 = 10

Жауабы дұрыс

(5 + 2) + 3 = 10

Жауабы дұрыс

Сергіту сәті

Көбелектер тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
Бір — шықпен бетін жуды,
Екі — шыр айналып бұрылды.
Үш — еңкейіп жерге жетті,
Төрт дегенде ұшып кетті,
Бес дегенде қонды.

3-тапсырма: ауызша талқылау және қорытынды шығару

а) Байқағанын салыстыру

4 + 6   және   6 + 4

70 + 30   және   30 + 70

ә) Бағандар бойынша салыстыру

6 + (1 + 3)

(6 + 3) + 1

(6 + 1) + 3

1 + (6 + 3)

Ереже 1

Қосылғыштардың орындары ауысса да, қосындының мәні өзгермейді. Бұл — қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Ереже 2

Көрші қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастыру, яғни қосылғыштарды топтастыру қосындының мәнін өзгертпейді. Бұл — қосудың терімділік қасиеті.

4-тапсырма: танымдық жаттығу (деңгейлік)

I деңгей

Жұппен орында: әртүрлі тәсілмен шеш.

△ − 6 = ?

□ − 4 = ?

Боялғаны — 3 фигура. Қалғаны — ?

II деңгей

Қосымша есеп құрастыр және шығар.

III деңгей

Екі есепті салыстыр: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықта.

6-тапсырма: өз бетімен жұмыс (топтық)

Әр топ берілген өрнектерді орындап, нәтижесін салыстырады.

1-топ

6 + 5   →   □ − 5

16 + 5 → □ − 5

26 + 5 → □ − 5

2-топ

36 + 5 → □ − 5

46 + 5 → □ − 5

56 + 5 → □ − 5

3-топ

66 + 5 → □ − 5

76 + 5 → □ − 5

86 + 5 → □ − 5

Логикалық тапсырма

Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, оның неше бұрышы болады?

IV. Қорытындылау және рефлексия

Математикалық диктант

  1. 5 пен 2-нің қосындысын тап.
  2. 3 пен 5-тің қосындысына 2-ні қосып, мәнін тап.
  3. Қосудың қасиеттерін пайдаланып теңдік құрастыр.

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қосудың қандай қасиеттерін үйрендік?
  • Қандай геометриялық фигурамен таныстық?

V. Үй тапсырмасы

5-тапсырма, 89-бет.

VI. Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысы, белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және өз бетімен жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.