Балалармен Туған өлкесі туралы әңгімелесу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жалпы мәлімет

31
Ай / апта
Сәуір айы, 3-апта
Топ
Ортаңғы топ
Білім беру саласы
Шығармашылық
Оқу іс-әрекет түрі
Музыка

Тақырыптық жоспар

Топтама
Менің Отаным
Апта тақырыбы
Туған өлкем, қандай көркем
Сабақ тақырыбы
Туған өлкем
Билингвистік компонент
өлке — край

Мақсат-міндеттер

БМ (Білімдік мақсат)

Балалармен туған өлкесі туралы әңгімелесу.

ДМ (Дамытушылық мақсат)

Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету; музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу.

ТМ (Тәрбиелік мақсат)

Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, көрнекілік және құралдар

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Ән тыңдау
  • Ән айту
  • Сұрақ-жауап
  • Ырғақты қимыл
  • Қимылды ойын

Көрнекілігі мен құралдары

  • Туған ауылымыздың суреттері
  • Табиғатты бейнелейтін суреттер
  • Слайд
  • Үнтаспа

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Музыка залына балаларды көңілді әуенмен қарсы алу. Бүгінгі сабаққа келген қонақтармен және бір-бірімізбен сәлемдесеміз.

Сәлемдесу

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер-Ана!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

Жылы қарым-қатынас

Достарымызды көргенде қуана қарсы аламыз. Алақан ұстасып, жылулықпен бөлісеміз.

Жақсы тілек

Алақандардың жылуы арқылы балалар бір-біріне, қонақтарға және туған жеріне ақ тілектер айтып, жақсылық тілейді.

Мекеме және автор туралы

Орналасқан жері

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылы.

Білім беру ұйымы

МКҚК «Гаухар» балабақшасы.

Саз жетекшісі

Нарешова Алтынай Жанбирбаевна.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» сілтемесі бастапқы мәтінде көрсетілген, алайда URL берілмеген.