Әңгіме желісі бойынша балаларға сұрақ қою
Ашық оқу іс-әрекеті
- Білім беру саласы
- Әлеуметтік орта
- Бөлімі
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- «Ауылда» (Н. Қадырбаев)
Қажетті ресурстар мен әдістер
Қолданылатын көрнекіліктер
- Суреттер
- Үй жануарлары
- Үй құстары
- Аудио-әңгіме
- Проектор
- Компьютер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау және қорытындылау.
- Ассоциация әдісі арқылы байланыстыру және салыстыру.
- Әңгімелесу арқылы пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру.
- ТРИЗ элементтері арқылы шығармашылық ойлауды ынталандыру.
Сөздік жұмысы
Қармақ
Балық аулайтын құрал.
Күбі
Май алатын ыдыс.
Едәуір
Ұзақ, көп дегенді білдіреді.
Оқу іс-әрекетінің барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар! Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен.
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген,
Шуақ толсын жанымызға, жүрегімізге,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
Сәлеметсіздер ме, апайлар?
Жыл мезгілі мен уақыт туралы сұрақтар
- Қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшып, жерге төгіледі?
- Күз мезгілінде неше ай бар? Атауларын атайық.
- Қазір қай ай?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
Жазғы демалыс және ауыл туралы әңгіме
- Жазғы демалысты қайда өткіздің?
- Ауыл саған несімен ұнайды?
Балалардың ықтимал жауаптары
- — Жақсы.
- — Келісемін.
- — Оқу іс-әрекетінің соңында толықтырамын.
Тыныштық сәті
Барлығымыз көзімізді жұмамыз. Үнтаспадан дыбысты тыңдаймыз және көз алдымызға елестетеміз.
«Дала табиғаты қандай тамаша!»
Енді көзімізді ашамыз.
Талқылау сұрақтары
- Балалар, біз қандай дыбыстарды естідік?
- Көз алдымызға не елестеді?
Дәптермен жұмыс
Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесін аудиожазбадан тыңдаймыз.
Назар аударыңыз
Тыңдау барысында жаңа сөздердің мағынасына мән беріп, негізгі оқиғаларды есте сақтауға тырысамыз.
Әңгімені бекіту (сұрақ-жауап)
- Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?
- Бейбарыс кімнің қасында болды?
- Шолпан кімнің қасында болды?
- Шолпан әжесімен қайда барды?
- Шолпанның әжесі тамақты қайда пісірді?
- Шолпан қайда кетті?
- Бейбарыс қайда кетті?
Иллюстрациямен жұмыс
Иллюстрацияға қарап, әңгімені толықтырып айтып бер. Оқиғалардың ретін сақтап, кейіпкерлердің іс-әрекетін нақты сипаттауға тырыс.
- Кейіпкерлерді ата
- Оқиға орны мен уақытын сипатта
- Негізгі әрекеттерді ретімен айт
- Өз ойыңмен қорытынды жаса