Адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіре білуге баулу, жағымсыз қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу
Сабақ тақырыбы
C. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу; өлеңнің идеясын, мазмұнын ашу; көркемдік ерекшелігін таныту.
Тәрбиелік
Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге баулу; жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру; топпен жұмыс істеуге үйрету; өз ойын еркін әрі нақты жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Сабақ әдістері
- Түсіндіру
- СТО элементтері
- Кластер құру
- Топтық жұмыс
- Талдау
- Сұрақ-жауап
- Сөздікпен жұмыс
- Ой толғаныс
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Топқа бөлу.
- Бағалау парақтарын тарату.
2) Жаңа сабақ: ой қозғау
Интерактивті тақтадан бейнефильм көрсетіледі. Оқушылар көргенінен түйгенін, көз алдына не елестегенін жазады және адамның бойындағы қасиеттерді топтастырады.
Сыйластық
Жамандық
Адамгершілік
Тәрбие
Жақсылық
Қасиет
Осы ұғымдарды негізге ала отырып, C. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен танысамыз. Электронды оқулық арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталамыз.
3) Мағынаны ашу
Қадам 1
Өлеңді үнтаспадан тыңдау.
Қадам 2
Оқушылар екі топқа бөлініп оқиды. Әр оқушы мәтінмен жұмыс барысында түсініксіз сөздерді белгілеп, шумақтың мағынасын ашады және топта бір-біріне түсіндіреді.
1-топ: Жақсы кісі туралы
Ел-жұрттың қаласындай,
Әмме жұрттың анасындай,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жүзі жылы, сөзі майда.
Қалың жүнді көрпесіндей,
Елінің ағасындай.
2-топ: Жаман кісі жайында
Көкірегі — көр, көзі соқыр,
Жалған сөзбен бықсытар,
Әркімге бір ұрынады,
Ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының аласындай,
Балтаның ұңғысындай.
4) Әдеби-теориялық ұғымдармен жұмыс
Теңеу: «Жанбай қалған ағаштың шаласындай», «жылқының аласындай» және т.б.
5) Сөздікпен жұмыс
Оқушылар өлеңнен түсініксіз сөздерді түртіп алып, мағынасын контекст арқылы анықтайды немесе сөздікпен тексереді.
6) Ой толғаныс
1-топ тапсырмасы
«Адамгершілік — асыл қасиет» тақырыбында эссе жазу.
2-топ тапсырмасы
Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер жазу.
Белгіленген уақыт аяқталған соң, оқушылар жауаптарын оқып, жұмыстарын қорғайды.
7) Бағалау
Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
8) Үй тапсырмасы
- «Ұлылар үндестігі»: жақсы және жаман қасиеттерге байланысты өзге ақындардың шығармаларымен салыстырып, іздену.
- Өлеңнен үзінді жаттау.