Натурал санға анықтама бер

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі

Пәнаралық байланыстар

Физика (физикалық шамаларды есептеу және қолдану).

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі ұғымдарының анықтамасын түсінеді.

Көптеген оқушылар

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі туралы түсініктерін жүйелеп, қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігіне қатысты анықтамаларды нақты тұжырымдайды.

Сабақтың басы

Ұзақтығы: 7 минут

Мақсат: шоғырландыру, ынталандыру, белсендіру

Уәж туындату

Оқушыларды сабаққа шоғырландыру және ынталандыру үшін «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады: оқушылар бір-біріне тілек айтады — сәттілік, табыс, көтеріңкі көңіл күй.

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау үшін «Доп лақтыру» әдісі қолданылады. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

  1. 1 Натурал санға анықтама бер.
  2. 2 Қандай сандар жұп сандар деп аталады?
  3. 3 Қандай сандар тақ сандар деп аталады?
  4. 4 Санды өрнек дегенді қалай түсінесің?
  5. 5 Әріпті өрнекке мысал келтір.

Топқа бөлу

Оқушылар 3-тің көбейту кестесін кезекпен айтып шығады. Нәтижесінде алынған тақ сандар — I топ, жұп сандар — II топ болып бөлінеді.

Сабақтың ортасы

Тақырыпты бастамас бұрын оқыту мен оқу әдістерінің бірі — «Джигсо» тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл оқушылардың бірін-бірі оқытуына және мазмұнды бірлесе меңгеруіне мүмкіндік береді.

1-тапсырма

Бірін-бірі үйрету

Сұрақ

EXPO көрмесінің ашылу салтанаты қай күні болды?

Жауап

09.06.2017 ж.

Мектеп

Талдықорған қаласы, №25 мектеп

Мұғалім

Искаков Н. С.

Тақырып

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі

Ескерту

Қосымша материалдар мен тапсырмалар қажет болған жағдайда, сабақ мазмұнына сәйкес ресурстарды жүктеп пайдалануға болады.