Кітап оқу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Әдебиеттік оқу, 2-сынып

Бөлім

Өзім туралы

Сабақ тақырыбы

№3 сабақ: «Кітап оқи аламын»

Оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже

Оқыту мақсаты

2.2.6.1 — кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

Барлық оқушылар

  • Мәтінді оқиды.
  • Мазмұнын түсінеді.
  • Бағалауға қатысады.

Оқушылардың көпшілігі

  • Тақырыпты болжайды.
  • Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттай алады.

Кейбір оқушылар

  • Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере алады.

Алдыңғы білім

«Алғаш рет оқуға келген күнім» тақырыбы бойынша алған білім мен тәжірибе.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Сыныптың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.

Ой сергек: «Атомдар мен молекулалар»

  • Әр қатысушы — жеке «атом».
  • Жүргізушінің айтуы бойынша «атомдар» қозғалады.
  • Жүргізуші молекула неше атомнан құралатынын айтады; оқушылар сол сан бойынша бірігеді.
  • Молекулаға қосыла алмағандар ойыннан шығады.

Сабақтың ортасы

30–35 минут

Мағынаны ажырату: ой қозғау

Сұрақ: «Сен қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?»

  • Күлдіргі оқиғалы
  • Қорқынышты оқиғалы
  • Таңғажайып оқиғалы
  • Деректі оқиғалы
  • Оқиғасы жоқ мәтіндер

Тақырыпты болжау және мақсат қою

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын болжап, мақсатпен танысу. Мақсатқа сай жетістік критерийлері бірлесе анықталады.

Оқылым

Мәтінді түсініп оқы. Сұрақ: «Қартқожа қандай кітап оқыған деп ойлайсың?»

Автор: Жүсіпбек Аймауытов. Тақырып: «Кітап оқу».

Айтылым: жұптық жұмыс

  • Тапсырма: әңгіменің авторы кім екенін анықта.
  • Кестені пайдаланып, автор туралы әңгімеле.
  • Ойыңды дәлелде.

Бағалау

Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Топтық жұмыстар және тапсырмалар

Топқа бөлу: жіптердің ұзындығы

Оқушылар жіптердің ұзындығына қарай топтарға бірігеді.

6-тапсырма

  • Берілген сөздерден мақал құрастырып жаз.
  • Сөздердің мағынасына қарай шаршыларды боя.

Бағалау

Қол соғу арқылы бағалау.

Топқа бөлу: мәтіндегі тіркестер

Жазушы қолданған сөздер мен тіркестер арқылы топтастыру.

Жазық дала Кітап Қартқожа т.б.

Тапсырма

Суретке зер сал. Мәтіндегі жазушы қолданған сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастыр.

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша бағалау.

Ой толғау: жеке жұмыс

Өзің оқыған кітаптар туралы ойыңды кестеге түсір.

Менің оқыған кітаптарым Кім жазған? Алған әсерім

Бұл тапсырма оқушының оқуға қызығушылығын арттырып, өз ойын нақты әрі дәл жеткізуіне көмектеседі.

Автор туралы

Мекеме: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке орта мектебі (ММ)

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Аты-жөні: Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы