Бинго ойыны арқылы өткен дыбыстарға сөз ойлау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Сауат ашу және жазу негіздері
Мақсаты
- Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру.
- Оларды жеке талдап, орындалған жұмыстар арқылы дәлелдеп көрсетуге үйрету.
- Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын және сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа және әдептілікке тәрбиелеу.
- Сөйлем құрастырып, оны талдай білу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Кеспе әріптер, сөз бен сөйлемге арналған қиылған карточкалар.
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, ойын, тапсырмалар, көрсету.
Мотивациялық қозғаушылық
«Тілек шеңбері»
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Отырған қонақтарға қолымызды кеудемізге қойып, басымызды иіп амандасамыз.
«Бинго» ойыны және қайталау
- Өткен дыбыстарға сөз ойлау.
-
Сұрақ: Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
Жауап: Дыбысты естиміз, ал әріпті көреміз және жазамыз. Әріп — дыбыстың таңбасы.
Оқып, біліп үйренсең — боласың сен сауатты.
Іздену ұйымдастырушылық
Сөз тізбектерін топтастыру
Шана, суық, тайғақ, қар, аққала, боран
Байланысы: ауа райы, қыс.
Мектеп, аурухана, байланыс бөлімшесі, мұражай, мәдениет үйі
Байланысы: ғимараттар.
Әрбір тіршілік иесінің өз мекені бар: адамдар — үйде, құстар — ұяда, мал — қорада, ал аңдар — апанда өмір сүреді.
Ертегі: «Ауыз — бір үй»
Бірде патшалықта да емес, мемлекетте де емес — дәл өзіміздің аузымызда бір «үй» болыпты. Үйдің төбесі — таңдай, едені — төменгі таңдай, қабырғалары — екі жақ, ал есігі — екі ерін екен. Есіктің берік болуы үшін қойылған сүйек шарбақтар — тістер.
Бір күні осы үйге сұр жылан кіріп, дыбыстардың жолын бөгей бастапты. Көңіл күйі жақсы кезде ол дыбыстарды емін-еркін өткізіп жібереді: А, О, Е, И, Ы, У. Бұлар кедергісіз, ашық шығып, «қызыл көйлек кигендей» еркін өтеді.
Ал кейде жылан есікті жауып, дыбыстарды қысып шығарады: М-м-м, Н-н-н, Т. Кей дыбыс тіпті таңдайға жабысып қалады. Дыбыстар ысылдап, шырылдап, қырылдап шығуға мәжбүр болады. Бірде жылан құйрығымен ұрып, Р-р-р дыбысын да еркін шығармайды. Сондықтан мұндай дыбыстар «көк көйлек кигендей» қысылып шығады.
Сөйтіп дыбыстар екіге бөлінеді: еркін шыққандары — дауысты, кедергімен шыққандары — дауыссыз. Бірақ жеке дыбысты бәрі бірдей түсіне бермейді, сондықтан дыбыстар бірігіп буын құрайды, буындардан сөз жасалады, ал сөздер бір ойды білдіру үшін сөйлемге бірігеді.
Талқылау сұрағы: Ертегі не туралы?
Жауап: дыбыстар, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы.
Топқа бөлу және бағалау
Балалар екі топқа бөлінеді: «Дауыстылар» және «Дауыссыздар».
Бағалау түсті дөңгелекшелермен жүргізіледі: қызыл — өте жақсы, көк — жақсы.
Тапсырмалар жүйесі
1-тапсырма: Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Неге дауысты дыбыс дейміз? Дауыстылар тобы анықтамасын айтып, мысал келтіреді.
Дауысты дыбыс — кедергіге ұшырамай, еркін және ашық айтылатын дыбыс.
Мысалдар: алма, ана, аға.
2-тапсырма: Буыннан сөз құра
Әр топқа әртүрлі буындар беріледі. Мақсат — буындардан мүмкіндігінше көп сөз құрастыру (жылдамдық пен саны есептеледі).
Сергіту жаттығуы: дыбыстармен ән салу
до — ре — ми — фа — соль — ля — си — до
до — си — ля — соль — фа — ми — ре — до
3-тапсырма: Дыбыстық талдау
Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз: сөзді буынға бөлеміз, қанша дауысты мен дауыссыз барын анықтаймыз, жалпы дыбыс санын шығарамыз.
4-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру
«Ауыл» және «қала» бейнесін көрсететін мазмұнды суреттерге қарап, топпен әңгіме құрастырамыз. Дауыстылар және дауыссыздар командалары кезекпен өз нұсқаларын ұсынады.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы назарды қайта жинақтаймыз.
5-тапсырма: «Ауада жазу» ойыны
Екі топтан екі бала шығып, нұсқағыштың көмегімен ауада кезекпен әріп «жазады». Дауыстылар тобы дауыссыздардың жазғанын, ал дауыссыздар тобы дауыстылардың жазғанын табады.
6-тапсырма: Графикалық диктант
Екі топ «ана», «ата» сөздеріне графикалық диктант жазады.
7-тапсырма: Жұмбақ шешу
Көрмеде бар, өрмеде жоқ.
Әкеде бар, әжеде жоқ.
Жауабы: К
Білезікке қарайық,
Ұқсайды ол қай әріп?
Жауабы: С
Ғарышта бар, жұлдызда жоқ.
Ғалымда бар, менде жоқ.
Жауабы: Ғ
Рефлексия және қорытынды
«Ойлан тап» ойыны
Мақсаты — баланың ойлауын, көзбен көргенін есте сақтау қабілетін дамыту. Сабақ соңында балалар мадақталады.
Күтілетін нәтиже
- Білуі керек: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
- Игеретін түсініктер: дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем.
- Дағдылар мен іскерліктер: тапсырмалар арқылы сөз құрау, сөйлемге дыбыстық талдау жасау, өз жұмысының нәтижесін бағалай білу.