Достарыңызбен ара - қатынасыңыз қалай
Сабақтың тақырыбы
Адамдармен қарым-қатынас жолдары
Сабақтың мақсаттары
- Қарым-қатынас жолдары, түрлері және әдістерімен кеңінен таныстыру; ортаға салып талдау.
- Адамдарды тыңдай білуге, өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу.
- Өз ойына сенімді болып, пікірін нақты жеткізу дағдысын дамыту.
Пән аралық байланыс
Философия, тарих, шетел әдебиеті.
Көрнекілік
Тақтада ұлы философтар мен ойшылдардың тұжырымдары берілген.
Ойшылдардың тұжырымдары
«Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уландырмайды.»
«Қателесу әр адамға тән, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады.»
«Көп сөйлегенде ұтылдым, ал үндемегенде — ұттым.»
«Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір-бірін сыйлауға тиіс.»
«Ешкім саған дос та емес, қас та емес, бірақ әр адам саған — оқытушы.»
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
II. Сабақты бастау: «Телефон» ойыны
Сабақты «Телефон» ойынынан бастайық. Әр топтан бір оқушыға бір сөз айтылады. Оның міндеті — сол сөзді әрі қарай жалғастырып, қасындағы көршісінің құлағына сыбырлап жеткізу. Ойын осылай жалғасады.
Ойын аяқталғаннан кейін қорытынды жасап, мына сұраққа жауап іздейміз: неліктен басында айтылған сөз соңында өзгеріп кетеді?
Бұл тапсырма күнделікті өмірде ақпараттың қалай бұрмалануы мүмкін екенін көрсетеді. Өміріміз айналамыздағы адамдармен тығыз қарым-қатынасқа негізделген. Алайда кейде түсінбеушілік пен кикілжің туындайды. Себебі неде? Қате кімнен? Мүмкін, біз өзгелердің көңіл күйін түсініп, мұқият тыңдай алмайтын шығармыз?
Тест: «Өз-өзіңізді қарым-қатынаста қалай ұстайсыз?»
1) Біреумен ұрсысып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?
- А) Бірқалыпты — 3 ұпай
- Ә) Өршелене түсесіз — 2 ұпай
- Б) Үндемей құтыласыз — 1 ұпай
2) Достарыңызбен ара-қатынасыңыз қандай?
- А) Жиі араласып тұрасыз — 3 ұпай
- Ә) Онша араласпайсыз — 0 ұпай
- Б) Реті келгенде — 2 ұпай
3) Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?
- А) Үйде — 3 ұпай
- Ә) Достарыңызбен бірге — 2 ұпай
- Б) Кино, кафе, дискотекада — 3 ұпай
4) Газет-журнал оқып тұрасыз ба?
- А) Иә — 0 ұпай
- Ә) Уақытыңыз болғанда — 3 ұпай
- Б) Анда-санда — 2 ұпай
5) Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?
- А) Әрине — 3 ұпай
- Ә) Киім талғамайсыз — 2 ұпай
- Б) Модамен киінесіз — 0 ұпай
6) Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?
- А) Иә — 4 ұпай
- Ә) Жоқ — 3 ұпай
- Б) Біреудің шаруасына араласпайсыз — 1 ұпай
7) Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыз?
- А) Бірқалыпты — 3 ұпай
- Ә) Үндемей қаласыз — 0 ұпай
- Б) Жеңілдей сезінесіз — 1 ұпай
Нәтижені түсіндіру
10–15 ұпай
Сіз сабырлы, бірқалыпты жансыз. Ұрыс-керісті ұнатпайсыз, айқай-шудан аулақ болуға тырысасыз. Кикілжіңге араласпай, ашуыңыз келсе де, көбіне үндемей қаласыз.
16–25 ұпай
Ұрыс-керіс кезінде ешкімге бағынбай, өршелене түсуіңіз мүмкін. Кейде болмашы нәрседен мін іздеп, өзіңіздікі дұрыс деп қабылдайсыз. Жалғыз қалмау үшін ұстамдылық танытып, әр мәселені сабырмен шешуге дағдыланған пайдалы. «Сабырлы — жетер мұратына» деген сөз осыған меңзейді.