Тіл қылыштан өткір

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

Дара және күрделі сан есімдер

Түрі

Жаңа материалды түсіндіру

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ізденіс
  • Баяндау
  • Топтық талдау
  • Деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктері

  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Ойындар
  • Жұмбақтар
  • Мақал-мәтелдер
  • Сызба

Пәнаралық байланыс

Тарих Математика Әдебиет География

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнеріне жете көңіл бөлу.
  • Дамытушылық: ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылықты дамыту; ой қорытып, нақты шешім қабылдату; шығармашылық ізденісті арттыру.
  • Тәрбиелік: өмір құбылыстарын танып білуге баулу; ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүюге тәрбиелеу; еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сыныптың сабаққа қатысын тексеру
  • Психологиялық тренинг (топқа бөлу)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сын есімді еске түсіру (тест).

1) Сын есімнің мағыналық түрі қанша?

  • а) екеу
  • ә) үшеу
  • б) төртеу
  • в) алтау
  • с) бесеу

2) Сапалық сын есімдерді табыңдар:

  • а) аппақ, сап-сары, жақсы
  • в) ақылды, ойлы, таулы
  • с) бойшаң, иықты, мүйізді
  • д) күзгі, елсіз, боранды
  • е) қызықты, күшті, қалалық

3) Негізгі сын есімдерді табыңдар:

  • а) көмірдей
  • в) жайлаудай
  • с) сары
  • д) сүтті
  • е) тастай

4) Туынды сын есімді табыңдар:

  • а) жақсы
  • в) алыс
  • с) асыранды
  • д) жасыл
  • е) биік

5) Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ:

  • -лы
  • -шаң
  • -аған
  • -ті

6) Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ:

  • -улі
  • -шақ
  • -ғыр
  • -шең
  • -ғақ

7) “Тоғайлы” сөзі қандай сын есім?

  • а) негізгі
  • в) сөз бірігуінен жасалған
  • с) туынды
  • д) күрделі
  • е) сөздің қосарлануынан жасалған

8) “Гүл” сөзін анықтап тұратын сын есім:

  • а) көмірдей
  • в) әдемі
  • с) толық
  • д) дөңгелек
  • е) суық

9) Төмендегі сын есімдердің ішінен таңдаңдар:

  • а) жасыл
  • в) шырайлы
  • с) жеңіл
  • д) жаман
  • е) қап-қара

10) Қатыстық сын есім қатысып тұрған мысалды белгілеңдер:

  • а) Жақсы — ісімен жақсы.
  • в) Сулы жер — нулы жер.
  • д) Әсем таулар, бақша-баулар көрікті.
  • е) Тіл қылыштан өткір.

Жаңа сабақ: дара және күрделі сан есімдер

Дара сан есім

Құрамына қарай бір түбірден құралған негізгі немесе туынды сан есім.

бес елі сегізінші

Күрделі сан есім

Екі немесе одан көп түбірдің тіркесуі не қосарлануы арқылы жасалған сан есім.

елу бес үш-төрт

Мысал

Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,
Тоқсаннан әрі кетті, жүзге асты.

I деңгей тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс: 159-жаттығу. Мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді тауып, төмендегі сызбаға орналастырыңдар.

Дара сан есімдер

Осы жерге мысалдарды жазыңдар.

Күрделі сан есімдер

Осы жерге мысалдарды жазыңдар.