Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту

7-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Кітап, суреттер, грамматикалық кесте
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, дене шынықтыру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына көңіл бөлу.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ой-өріс пен есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорды байытып, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалық пен ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың барысы

Төмендегі бөлімдер сабақ құрылымын кезең-кезеңімен көрсетеді. Негізгі назар — мәтінді түсіну, тіркесті сөздерді меңгеру және спорт тақырыбында жүйелі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу, келмеген оқушылардың себебін сұрау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа бейімдеу.

II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау

  • Қазақ спортшылары туралы оқушылар әкелген қосымша мәліметтерді тыңдау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

Мәтінмен жұмыс

  • 161-бет, 1-тапсырма: мәтінді оқу және түсіну.
  • Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

III деңгей

Төменде берілген сөздер мен тіркесті сөздерді пайдаланып, диалог құраңдар:

Салауатты өмір Спорт залы Спорт кешендері Волейбол Шыдамдылық

II деңгей

«Волейбол» спорт түрі туралы қысқаша хабарлама дайындаңдар.

  • Ережесі мен мақсаты
  • Қажетті қабілеттер (жылдамдық, төзімділік, командамен жұмыс)

I деңгей

III деңгейде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрап жазыңдар.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Мәтіннен тіркесті сөздерді тауып, атап шығыңдар.

V. Сабақты қорыту

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба?
  • Сіздер қандай ойынды жиі ойнайсыздар?
  • Жақын арада спорт жарыстары бола ма?
  • Сіздің қалаңыздағы спорт сарайына қанша көрермен сыяды?
  • Алматыдағы ең үлкен стадион қайсы?
  • Сіз спортпен айналысасыз ба?

VI. Үй тапсырмасы

161-бет, 1-тапсырма: мәтінді мазмұндау.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысын бағалау, сабақ жоспарының толық нұсқасын қарастыру.