Өнер әлемі
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір, қала
- Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
- Білім беру ұйымы
- №8 жалпы орта білім беретін мектеп
- Пән
- Әдебиеттік оқу
- Мұғалім
- Махамбетова Мереке Қазбағанбетқызы
- Сабақтың тақырыбы
- «Сурет салғым келмейді»
- Сабақтың типі
- Жаңа білім беру
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
- Технологиясы
- БжС: ауызша сабақ (1-карта)
- Көрнекілігі
- ОӘЖӘ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мәтінді мазмұндауға және мәнерлеп оқуға үйрету.
- Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
- Әдеби тілде сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
- Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
- Өнерге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Үлкеннің сөзін тыңдауға тәрбиелеу.
- Ананы қадірлеуге, құрмет көрсетуге баулу.
Сабақ барысы
I кезең: Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу және сабаққа назар аударту.
Психологиялық тренинг
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипап, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы бірге:
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
II кезең: Үй тапсырмасын тексеру және бекіту
«Нақты сұрақ — дәл жауап» бөлімі арқылы өткен материалды пысықтау.
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Өлеңде қандай мамандықтар туралы айтылады?
- Өлеңдегі Күләш пен Әміре дегенде кімдер меңзеледі?
- «Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген сөз кімдерге қатысты?
Аналардың арасында бір қолымен мектептің шаруасын, екінші қолымен үйдің тірлігін тындыратын жандар көп. Сондықтан ананы қадірлеу, құрметтеу және бағалай білу — әрқайсымыздың парызымыз.
Бүгінгі жаңа тақырып та осы — аналар жайлы.
III кезең: Жаңа сабақ
Автор және тақырып туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Есте сақтау кезеңі (30 секунд)
Тірек сөздерді жаттау:
Жатқа жазу: 30 секунд.
Кітаппен жұмыс
Мәтінді оқыту
5 минут
Оқушылар мәтін ішінен тірек сөздерді тауып, тақырып аясындағы мағынасын ашады. Мәтінді мұқият оқу қажет, себебі мұғалім қарама-қарсы және сын тұрғысынан сұрақтар қою арқылы әрбір детальға назар аудартайды.
Картаның негізгі мақсаты — оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып, оқу материалын сапалы меңгерту және сыныптың күш-жігерін берілген тақырып бойынша ақпаратты өңдеуге жұмылдыру.
Тірек сөздер бойынша қиылыс сұрақтары
Матрица бойынша отырған оқушылардан сұрау және бағалау.
Матрицаға бағалау кезеңі: оқу барысындағы жауаптар жүйелі түрде тіркеліп, нәтижесі талданады.
IV кезең: Сын тұрғысынан сұрақтар
Мәтінді терең түсіну үшін берілетін тұжырымдар мен сұрақтар.
- Бұл жолы мұғалім бір емес, бірнеше альбом ала келіпті.
- Түрлі түсті ермексаз партаның астында шашылып жатыр.
- Ағай серпіле сөйлеп, әл жинағандай сәл кідірді.
- Біз планетамызды әрдайым үлкен доп деп санаймыз.
- Жер бетіндегі тіршілік атаулы анадан басталады.
- «Ұстаз туралы сөздерімді тым жұмбақтап айтып кеткен жоқпын ба?» — деп Салауат ағай сөзін жалғастыра берді.
- Өнер әлемінде ана тақырыбын алғаш болып әнге қосқандар — эстрада әншілері.
- Олар сүйікті мектебінің сұлбасын тасқа қашап салды.
- Ертедегі мысырлық суретші ана мен жар бейнесін Нефертитидің әйгілі мүсініне дарытты.
- Қайта-қайта анамның сөзін гүрілдеген дыбыс бөле берді.
- Анам дыбысқа мән бермей, сөзін жалғастыра берді.
- Тырсылдаған дыбыс шыққан жаққа қарасам, ағай алдындағы қағазға қаламмен сызып отыр екен.
- Ержан еңкейіп жерге түскен акварелін алмақ болды ма, әлде ұялды ма — беті қып-қызыл болып кетіпті.
- Ағай «Бәріне неге бұлай істедіңдер?» деп сұрап, қазбалай сөйлеп, кейін «Тыныш отыр» деп жекіді. (жоқ)
- Олар орындарына отырып, тыныштала қалды.
- Кітаптың бетін қайта ашып, әдетіне кірісті.
- «Менің сурет салғым келмейді», — деді.
- Портфелін көтеріп алып, сыртқа қарай ентіге жүгірді.
- Бүкіл сынып Салауат ағайдан көріп, осы жағдайға шулай кетті.
- Ержан табалдырықты жүре аттап, артына бұрылмай кетіп қалды.
- «Не болды өзі? Не жаздым? Қай жерден кемшілік кетті?» — деп, сынып алдында тұрғанын кеш аңғарса да, тез өз-өзіне келді.
Қорытынды
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы ойды жинақтау.
Мақалдың жалғасын тап
Ана сүтін ақтамағанды ..........................................
Ата-ананың қадірін ....................................
..... алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет.
......... көңілі балада, Баланың көңілі далада.
Аналарымызды әрдайым қуанта жүрейік. Ана — өмірдегі ең жақын, ең қымбат жандардың бірі.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Матрица бойынша бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма
- Мәтінді оқып, мазмұндау.
- Ана туралы шағын эссе жазу.