Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау

Ақмола облысы, Қосшы ауылы

Ыбырайқызы Рыскүл

Тақырыбы: «Ұстаздарға мың алғыс»

Мақсаты

  • Ұстаздар күніне арналған мерекені насихаттау.
  • Балалардың өз ойын жеткізе білуіне баулу, тақпақ пен өлеңді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Шарлар, жалаушалар, суреттер.

Алдын ала орындалатын жұмыс

Ашық хаттар дайындау.

Негізгі ой: «Мектеп — білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі».

Іс-шараның барысы

Кіріспе

Әнұран ойнатылады.

«Жылулық шеңбері»

Балалар шеңберге тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады:

Қайырлы таң, алтын күн, Қайырлы таң, жер-ана! Қайырлы таң, достарым, Сендерді көрсем қуанам! Қуанамын мен де, қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!

Мерекелік бастау

Әлижан

Кел, балалар, ән салайық, Ұлағатты Ұстаздар күнін Қуанышпен қарсы алайық.

Аида

Балалардың бақшасында бүгін той, Ұстаздардың күні бүгін — біліп қой!

Тәрбиеші

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін «Ақ бота» шағын орталығының «Бал бала» тобында Ұстаздар күніне арналған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздар, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Көңілдеріңіз ашық аспандай таза болсын. Бүгінгі ел басқарған азаматтар да, түрлі сала мамандары да — бәрі де сіздердің берген білімдеріңіздің арқасында биікке жетті.

Тақпақтар

Арман

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп, Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.

Қарақат

Қашанда елгезек ұстаздар сияқты, Өсемін мен де өжет бала боп ұятты.

Ескендір

Болды кезім мақтаған, Болды кезім ұқпаған, Болды кезім ұстаздың Ойынан дәл шықпаған.

Тәрбиеші

Балалар, өнерлеріңе тәнтіміз. «Ұстаз» деген — кімдерге сабақ берген? Әншіге де, жыршыға да, жүргізушіге де, президентке де, бишіге де сабақ берген. Әрбір маман иесі осы ұлы ұстаздың алдынан өтеді. Қане, тағы қандай өнерлерің бар?

Би

«Қара жорға»

Жалғасы

Абдурахман

Ұстаздардың анасы, Балалардың панасы. Ұстаздарды сүйеміз, Әдеппен бас иеміз.

Нәрлен

Балалар, апайымыз бізге не үйретті — айтып берейік.

Хормен

Бала-бала баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.

Санамақ

Балалар саусақтарын даярлап, санамақты бірге айтады:

Кел, санайық санамақ, Саусақтарды даярлап. Бас бармағым алғашқы, Балан үйрек жалғасы. Ортан терек кезекші, Шылдыр шүмек көмекші. Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.

Құттықтау өлеңдері

Аружан

Халқым жетсін мұратқа, Ұстаздарды ардақта! Тәрбие жолын бастаған — Ұстаз деген асқақ ән.

Айым

Адал, жақсы ниетпен Бар ұстазға бақ тілеп, Жарып шыққан жүректен Сөздің бәрі — ақ тілек.

Өлең

Білімнің бұлағы — ардақты мұғалім, Білімнің бұлағым. Таусылмас сен жайлы Тасқынды жыр-әнім. Қанатым талмайды, Қиялым самғайды. Ақын да, ғалым да Ұстазсыз болмайды. Мереке күніңмен Құттықтап бүгін мен, Ойыма ой қосам Сен берген біліммен.