Сантиметрмен өрнекте
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Сайыстың мақсаты
Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімін көтеру.
Жүргізушінің сөзі
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 2-сынып оқушылары арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше, бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз. Қатысушылар өздерін таныстырады.
Сайыс бөлімдері
- 1 Бәйге — жылдамдық пен дәлдік кезеңі
- 2 Жорға — ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру
- 3 Дода — шешуші кезең
1-кезең: «Бәйге»
Ереже
- Сұрақтар экранда көрсетіледі.
- Әр сұраққа 3 жауап нұсқасы беріледі.
- Әр дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.
- Барлығы 14 сұрақ қойылады.
Сұрақтар
-
1) Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Жауабы: 2 сағат
-
2) Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см = ? см
Жауабы: 68 см
-
3) Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр: алмұрт па әлде шабдалы ма?
Жауабы: алмұрт
-
4) Бір аптаға 2 күнді қосса, барлығы неше күн болады?
Жауабы: 9 күн
-
5) Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады?
Жауабы: құбылнама
-
6) б, в, г, ғ, д, ж — қандай дыбыстар?
Жауабы: ұяң дауыссыз дыбыстар
-
7) Жуан дауысты дыбыстарды ата.
Жауабы: а, о, ұ, ы
-
8) Ең мықты ағаш қайсы?
Жауабы: емен
-
9) 1 дм неше см-ге тең?
Жауабы: 10 см
-
10) Балды жақсы көретін аң.
Жауабы: аю
-
11) Байды үнемі алдап кететін кейіпкер.
Жауабы: Алдар көсе
-
12) Қай құстың балапаны анасын танымайды?
Жауабы: көкек
2-кезең: «Жорға»
Ойын шарты
- Экранда 6 ұяшық беріледі.
- Әр ұяшықта 3 сұрақ жасырылған.
- Қатысушы қалаған ұяшығын таңдап, сұрақтарға жауап береді.
- Егер қатысушы дұрыс жауап бермесе, жүргізуші «Қарсыластар!» дегеннен кейін бірінші болып жалаушаны көтерген оқушы жауап береді.
- Жауап дұрыс болса, ұпай сол оқушыға қосылады.
- Ойын соңында ұпайы ең аз 3 оқушы сайыстан шығады.
1-ұяшықтың сұрақтары
-
1) Екі айнасы бар, екі найзасы бар, сыртылдаған тұяғы бар, бір желпуіш сияқты бар. Бұл не?
Жауабы: сиыр
-
2) 15 пен 10-ның айырмасы нешеге тең?
Жауабы: 5
-
3) Қосу амалының компоненттерін ата.
Жауабы: қосылғыш, қосылғыш, қосынды (қосындының мәні)
-
4) Үшбұрыштың барлық қабырғалары 3 см. Үшбұрыштың периметрін тап.
Жауабы: 9 см
-
5) a + 24 — бұл қандай өрнек?
Жауабы: әріпті өрнек