Гүлдердің патшайымы
Қош келдіңіздер!
Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Қош келіпсіздер!
Бүгін біз ең әдемі, ең нәзік тіршілік иелері — гүлдер туралы әңгіме қозғаймыз. Бұл — ешкімді бейжай қалдырмайтын табиғаттың ғажайып туындылары.
Адамдар гүлді кез келген уақытта — себепсіз де, себеппен де сыйлай алады. Өйткені олар жер бетіндегі ең керемет сыйлардың бірі.
Кештің арқауы — гүлдер
Иә! Бүгінгі кешімізді гүлдерге арнаймыз.
Гүлдер адам тәрізді жақсылыққа толы, адамдарға нәзіктікті сездіреді.
Олар гүлдеп, жүректерге от тастайды — бейне бір кішкентай отшашу секілді.
Сіздерді әдеби-сазды «Флора» кешіне шақырамыз. Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болып, кешіңіз көңілді өтсін! Сіздерге тартымды демалыс тілейміз.
«Флора» кафесінде көргенімізге өте қуаныштымыз. Қонақ болып келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Бағдарлама форматы
Бүгінгі бағдарламамыз танымдық әрі қызыққа толы болады. Қонақтар алдын ала топтарға бөлініп отырғызылған.
Әр топ өзіне гүл атауымен ат қояды. Ақылдасып, топ атауын таңдаңыздар — енді танысуға кезек берейік.
«Әдемілік әлемді құтқарады!»
Кеш бағдарламасы осы атаумен ашық журнал түрінде өтеді: сіздер демалып қана қоймай, қызықты сұрақтарға жауап беріп, сайысқа түсесіздер.
Қаншалықты белсенді қатыссаңыз, соншалықты бонус жинайсыз. Кеш соңында жеңімпаздар анықталады.
Гүл — өмірдің ажары
Ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсен:
«Өмір сүру үшін күн шуағы, бостандық және кішкене гүл керек», — деген екен.
Шынында да, гүлдерсіз өмірді елестету қиын: дүниеге келгенде гүлмен қарсы аламыз, үлкендердің көңілін көтереміз, неке тойында қуанышымызды білдіреміз, туған күндер мен мерекелерде жанымыздан табылады, ал еске алу сәттерінде жүрекке үн қатады.
Үйде де, жұмыста да; көктемде де, суық күндерде де; жазда да, күзде де — гүлдер өмірге әр беріп тұрады. Оларсыз тіршілік сүреңсіз көрінер еді.
Жыр жолдары
Гүлдерім, гүлдерім, Бүрленген түрлерің. Бәрін де сағындым, Балалық күндердің. Гүлдерім қуантты, Адамды уатты. Мен болғым келеді, Гүлдердей шуақты.
Табиғаттың таңғажайып туындылары — гүлдер — таң шапағымен өмірімізге еніп, кездесуді жақындатады, қоштасуды кейінге шегереді. Сондықтан біз оларды жан-тәнімізбен қорғауға тиіспіз.
Өсімдікке құрмет — өмірге құрмет
Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін талай игіліктің көзі болған: ішсе — тамақ, кисе — киім, жақса — отын, малына — өріс, еліне — қоныс.
Халық даналығы
- «Бір тал кессең, он тал ек»
- «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
- «Көкті жұлма, көктей соларсың»
Гүл — дүние көркі. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды әсер сыйлап, көңілді сергітеді. Әр адамның өз сүйікті гүлі бар. Ал мерекеде, туған күнде, қуанышты сәтте гүл сыйлау — құрметтің айқын белгісі.
Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз — гүлдер әлемі.
Ашық журнал: бірінші бет
«Гүлдер туралы аңыздар мен әңгімелер»
Тапсырма: берілген аңызды тыңдап, қай гүл туралы екенін айтыңыздар.
Аңыз-нышан
Гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тағзым етудің, сүйкімділіктің нышаны. Бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналған. Әсемдігі, түсінің байлығы, аңқып тұрған хош иісі — бәрі де теңдессіз.
Ежелгі Иран халқында бұл гүлдің көркемдігі жайлы жүздеген том еңбек жазылған деседі. Ақындардың айтуынша, ол — Тәңірдің тартуы.
Бір күні Флора патшалығының балалары Құдайдан Лотостан өзге патша тағайындауды сұрайды (Лотос үнемі ұйқылы-ояу жүріп, билеушілік міндетін ұмыта береді екен). Мейірімді Алла Тағала олардың өтінішіне құлақ асып, өткір тікенді, періштедей пәк ақ гүлдерді жібереді.
Жауабы: роза (раушан) — гүлдер патшасы. Оны көптеген халық сүйіп, құрметпен бас иеді.