Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу
Тәрбие сағаты: «Қос жұлдыз»
Бұл тәрбие сағаты қазақтың қос батыр қызы — Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігіне арналады.
Мақсаты
- Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңызын терең ұғынуына жағдай жасау.
- Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
- Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірін және майдандағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету.
- Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату; отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу.
Көрнекілігі
Слайдтар, нақыл сөздер, фотосуреттер.
Тәрбие сағатының барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, біз «Ұлы Отан соғысы», «Ұлы Жеңіс» деген сөздерді жиі естиміз. Бүгін осы ұғымдардың мәніне тереңірек үңілеміз. 1941 жылдың 22 маусымында таң шапағы енді ғана арайлап атқан сәтте, елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз ауыр кезеңді бастан кешті: фашистік Германия елге опасыздықпен басып кірді.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса, көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер күні төнген күнде.
Соғыс басталысымен ер-азаматтар жаппай Отан қорғауға аттанды. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата-аналары қалып қойды. (Слайд көрсетіледі.)
Тарихи деректер мен қазақстандықтардың үлесі
5-оқушы
Соғыстың алғашқы кезеңінде гитлершілдер 190 дивизияны, 5 мыңға жуық ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Ел аумағына басып кірген жау әскері 5 миллионға жетті.
6-оқушы
Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап, Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың адам қолына қару алып, ел намысы мен бостандығы үшін күресті.
7-оқушы
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде жанын қиды, Сталинград пен Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге дейін жетіп, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.
8-оқушы
Тарихи деректер бойынша 1942–1945 жылдары майданға 1 196 164 қазақстандық аттанған, соның тең жартысы елге оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті.
518 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
9-оқушы
Ерлік үлгісін көрсеткен батырлар қатарында Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған тұлғалар бар.
Қос жұлдыз: Мәншүк пен Әлия
Осы қырғын соғыста ерлермен қатар елін қорғаған қазақтың екі батыр қызы болды. Олар — Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова. Халық оларды қатар атап, «қазақтың қос шынары, қос жұлдызы» дейді.
Бұл тәрбие сағатының түйіні — ерлік ұмытылмайды. Батыр қыздардың өмірі мен қайсарлығы бүгінгі ұрпаққа отаншылдықтың, адалдықтың және жауапкершіліктің айқын үлгісі болып қала береді.