Кинодағы қасқырдың аты қалай

Сабақтың тақырыбы

«Көксерек» – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың әдісі

Сын тұрғысынан ойлау (СТО), зерттеушілік конференция

Сабақтың типі

Бекіту сабағы

Көрнекіліктер

  • М. Әуезовтің портреті
  • Көксеректің суреті
  • «Көксерек», «Шал» фильмдерінен үзінділер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Көксерек» әңгімесін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, адамдар мен қасқырлардың іс-әрекетін салыстыра талдау.

Дамытушылық

Оқушыларды өз пікірін еркін әрі ашық айтуға, өзгенің көзқарасын тыңдап, құрметтеуге машықтандыру.

Тәрбиелік

Әңгімедегі табиғат заңдылығын түсінуге баулу, мейірімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу
  • Кезекшілермен жұмыс
  • Көңіл күй тренингін ұйымдастыру
  • Түрлі түсті фигуралар арқылы топқа бөлу

2) Қызығушылықты ояту

Ассоциация: «Көксерек»

тірі ит құс түз тазысы өте ызалы долы жыртқыш жасыл көз ызақор жорытушы қомағай көкжал

Негізгі ой

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты мекені, алтын ұя, тал бесігі. Табиғат – бізді қоршаған орта. Табиғаттағы әрбір құбылыс пен жаратылыс өз заңдылығымен жарасым табады.

М. Әуезов шығармасында адам мен табиғат байланысы қалай суреттелген? Бүгінгі сабақта қасқырдың тағылық жолға түсуі шығармада қандай шеберлікпен берілгенін зерттеушілік конференция форматында талдаймыз.

3) Мағынаны тану: топтық зерттеу

І топ (ақ): Зерттеушілер

1-қадам — шығарма деректері бойынша құрылымдық талдау

Талдау
  • Шығарманың тақырыбы мен идеясы
  • Сюжеті
  • Композициялық құрылысы

Оқиғаның басталуы

Қараадыр — қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.

Байланысы

Адамдардың шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.

Дамуы

Бөлтіріктің Көксерек атануы. Адамнан көрген жәбірі.

Шарықтау шегі

Көксерек пен Құрмаш. Баланың таза көңілі, мейірімі.

Шиеленісуі

Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы.

Шешімі

Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әженің зары.

Қосымша: Құрмаш рөліндегі актер туралы мәлімет жинап, сыныппен бөлісу.

ІІ топ (қызыл): Жуан және жіңішке сұрақтар

2-қадам — сұрақ арқылы түсіну мен дәлелді жауап қалыптастыру

Сұрақ-жауап
  1. Ауыл тұтқыны болған Көксеректің ауыл иттерінен айырмашылығы қандай?
  2. Қасқыр туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
    • Адам ойға тоймайды, қасқыр қойға тоймайды.
    • Бөрі арығын білдірмес.
    • Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
    • Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.
  3. Ауылдан кетіп, өз үйіріне қосылғаннан кейін оның адамнан қорықпайтын батылдығының себебі неде?
  4. Қасқырды арыстан, жолбарыс, аю сияқты циркте неге ойнатпайды?
  5. Түйелі адаммен қақтығыста Көксерек неліктен жасқынды?
  6. Берілген бейне нені суреттейді?
  7. Қазақ халқы қасқырдың атын тікелей атамай, қалай атаған?
  8. Көрсетілген фильмнің атауы қандай? Кинодағы қасқырдың аты қалай? Неліктен ол адамға шабуыл жасаған жоқ?
  9. Қасқырлар туралы жазылған тағы қандай шығармаларды білесіңдер?

ІІІ топ (көк): Сұхбат және жоба

3-қадам — көзқарасты дәлелдеу, ортақ пікір қалыптастыру

Пікір

1) Сұхбат сұрақтары

  • «Көксерек» фильмін көрдіңіз бе?
  • Көксерек хикаясы сізге таныс па?
  • Қай тұсы есіңізде ерекше қалды?
  • Көксерек туралы сіздің ойыңыз қандай?
  • Шығармадағы ең аянышты жер қайсы?
  • Қасқырлар апанын талқандау сіз үшін дұрыс па?

2) Жоба

Плакат арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз: адам мен табиғаттың байланысын, жауапкершілікті және салдарды көрсетіңіз.

ІV топ (жасыл): Шығармашылық

4-қадам — эмоция мен ойды көркем тілде жинақтау

Шығармашылық
  • Сезімнен туған өлең
  • RAFT тапсырмасы
  • Бес жолды тұжырымдама
  • Рефлексия
  • Эссе: «Табиғатқа зиян келтірмейік»

4) Үй тапсырмасы

Шығарма: «Адам — табиғат жанашыры»

5) Бағалау

Оқушыларды топ басшыларының көмегімен бағалау: белсенділік, дәлелді пікір, талдау сапасы, топтық жұмысқа үлес қосу.

Қорытынды сөз

Бүгінгі сабақта ізденіс нәтижесінде көптеген мәлімет жинап, шығарманы жан-жақты талдадық. Сабақты Ж. Баласағұнның төмендегі сөздерімен аяқтайық:

Қанша білсең, ізден тағы, тағы да —

Білікті адам жетер тілек бағына.

Біле бер, қанша білсең де тағы біл —

Жетерсің мақсатыңа біле, біле!

Ж. Баласағұн