Бөлшегінің өзі қандай әдемі

Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Құндылығы

Сүйіспеншілік

Мақсаты

Балалардың табиғат әлеміне деген танымдық қызығушылығын арттыру; табиғатқа, туған өлкеге сүйсіну, қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері

  • Табиғатты аялау
  • Құрметтеу
  • Сыйлау
  • Қадірлеу
  • Қамқор болу
  • Үндестікті түсіну

Табиғат — үндестік әлемі

Табиғат — адам, өсімдік және жануарлар арасындағы үйлесімділік. Ол — тіршілік атаулының алтын бесігі, сұлулықтың таусылмас көзі.

Табиғат дегеніміз не?

  1. 1) Ауа Тіршілік атаулының арманы — таза ауа.
  2. 2) Су Тіршілік көзі — су.
  3. 3) Өсімдіктер Табиғат байлығы — өсімдіктер.
  4. 4) Құстар Орман сәні — құстар.
  5. 5) Хайуанаттар Табиғаттың сұлу мүсіні — хайуанаттар.

Тыныштық сәті

Дәйексөз

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Ойға шақыру

Күнде таңертең ояна салысымен терезені ашып, Табиғат-Анаға көз тастаймыз. Бүгін табиғат бізді несімен қуантты? Ол бізге не айтқысы келеді?

Саяхаттың мақсаты

Қоршаған ортаға деген махаббат туралы түсінігімізді кеңейту; табиғатты сүюді, қорғауды және Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйрену. Бүгін біз табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз және мейірімділікті табиғаттан үйренеміз.

Әңгімелеу: Н. Ақышев — «Табиғаттың бөлшегі»

Ертеде Данияр деген бала болыпты. Ол қалада өскендіктен бе, әлсіздеу, аурушаң болыпты. Жиі ауруханаға жатып қалады екен. Бір қызығы, бұл жағдай оған аса ауыр тимепті: «Бала болған соң ауыра беру керек шығар» деп ойлап, дәріге де үйреніп кетіпті.

Даниярдың көргені — әдемі биік үйлер, жарқыраған жарықтар, асфальт төселген көшелер, ағылған машиналар. Бір күні осының арасынан жасыл желекті ағаштар мен құлпырған гүлдер көзге түседі. Сонда ол анасынан:

— Апа, анау не?
— Олар — ағаштар мен гүлдер. Табиғаттың бөлшегі, — дейді анасы.
— Өздері сондай әдемі! Онда табиғаттың өзі қандай әдемі?
— Табиғат — дүниедегі ең сұлу нәрсе. Сондықтан оның бөлшегі де сұлу болады.
— Табиғаттың өзі қайда?
— Табиғат қала сыртында. Бұл жер — табиғаттың бұрынғы орны: адамдар үй салып, ығыстырған.

Данияр ойланып қалады: қала болған жерде табиғат болмайды екен, тек оның бөлшектері ғана бар. «Бөлшегінің өзі осыншама әдемі болса, табиғаттың өзі қандай болар екен?» — деп, табиғатты көргісі келеді.

Анасы баласын қала сыртына алып шығады. Олар жазық даланы, тау-төбені, сай-жыраны аралап, өзеннен жалаңаяқ кешіп өтеді. Данияр шаттанып:

«Алақай! Табиғат неткен тамаша! Айнала қандай кең! Мұндай ауаны өмірімде жұтып көрмеппін! Бұрын неге табиғатқа шығармадыңдар, анашым?»

«Уақыт болды ма, балам? Сен көбіне ауруханада жүрдің ғой», — дейді анасы. Бірақ осы күннен бастап Даниярдың өмірі өзгереді: қолы босаса, табиғатқа шығып серуендейтін болады. Тауға көтеріліп, самал жұтып, тоғайда жүгіріп ойнайды. Осылайша бірте-бірте ауруынан да айыға бастайды: дәріні азайтады, ауруханаға да сирек барады.

Бір күні Данияр анасынан: «Апа, білесіз бе, табиғаттың бөлшегі тек гүл мен ағаш емес екен», — дейді. Анасы: «Су мен ауа дейсің бе?» — деп жымияды. Сонда Данияр: «Әрине, олар да табиғаттың бөлшегі. Бірақ табиғаттың бір бөлшегі — мен екенмін. Қала сыртына шықсам болды, өзімді еркін сезінемін!» — деп қуана жүгіріп кетеді.

Шығармашылық жұмыс

«Табиғат бөлшектері» тақырыбында 3 топқа бөлініп жұмыс жасаңыз:

1-топ

Адам

2-топ

Өсімдік

3-топ

Жануарлар

Ән

А. Құнанбаев — «Желсіз түнде жарық ай»

Үй тапсырмасы

Тақырып

«Туған жердің табиғаты» тақырыбына өлең шығарып келу.

Үлгі шумақ

Табиғат — сұлу мекенім, Өзіңді пана етемін. Саяңда өсіп, ер жетіп, Биікке самғап жетемін.

Мәлімет

Оқу орны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №11 МФММ КММ мектебі

Пән

Өзін-өзі тану

Мұғалім

Муханова Рысь Орынбасарқызы

Ескертпе: «Слайдты жүктеу» сілтемесі бастапқы мәтінде көрсетілген.