Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу
Информатика (9-сынып): Алгоритм типтері
Бұл сабақта алгоритмдердің негізгі типтері қарастырылады: сызықтық, тармақталу және циклдік. Материал интерактивті тапсырмалармен, жұптық және жеке жұмыстармен бекітіледі.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға алгоритм типтері туралы түсінік беру: сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, алгоритм туралы білімді толықтыру және жүйелеу.
Сабақ форматы және әрекеттер
- Жұптық жұмыс: құзырлылыққа бағытталған тапсырмалар.
- Жеке жұмыс: деңгейленген тапсырмалар.
- Кесте толтыру және сұрақ-жауап арқылы бекіту.
- АКТ қолдану: интерактивті тақта, компьютер, оқулық.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу және оқушыларды түгелдеу.
- 2 Құрал-жабдықтарын тексеру.
- 3 Назарды сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Құлыпты аш!» ойыны: оқушылар құлыптың кодын табуы керек. Ол үшін құлыптың айналасындағы түрлі түсті фигураларда жасырылған сұрақтарға жауап беріп, информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірін анықтайды. Құлыптың коды — сол сөз.
Сұрақтар:
- Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?
- Серия дегеніміз не?
- Алгоритмнің тақырыптан кейінгі бөлігі қалай аталады?
- __________ — берілген нұсқаулар бойынша орындалатын әрекеттерді жүзеге асырушы.
- __________ — ең маңызды түсініктердің бірі. Оны қажетті және нақты анықталған нәтижеге белгілі бір уақыт ішінде қол жеткізетін жұмыс деп сипаттауға болады.
- __________ — белгілі бір тілдің көмегімен немесе формулалар жүйесі арқылы орындалатын іс-әрекетті сипаттау.
- Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
- Жай және құрама командалардың айырмашылығы қандай?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм блоктарының өзара байланысуына қарай алгоритмдер үш құрылымға бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік.
Сызықтық алгоритм
Әрекеттер тізбектей, бірінен кейін бірі орындалады.
Тармақталу алгоритмі
Шартқа байланысты бірнеше әрекет бағытының біреуі таңдалады.
Циклдік алгоритм
Белгілі бір шарт орындалғанша (немесе белгілі рет) қайталанады.