Томирис кім

Ақтөбе қаласы • №33 қазақ жалпы білім беретін мектеп

Тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» танымдық сайысы

Мақсаты

  • Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
  • Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзі өркениетінің құндылықтарымен қарулануға ниет қалыптастыру.
  • Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау және сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Формат

Сабақ түрі
Танымдық сайыс
Әдіс-тәсіл
Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын
Қатысушылар
8 сайыскер, жүргізуші, әділқазылар

Сабақтың барысы

Кіріспе сөз

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар және ақ ниетпен келген қадірлі қонақтар!

Сайыс құрылымы

Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 1–2 кезеңнен кейін ұпайы аз жинаған 5 оқушы келесі екі кезеңге өте алмайды. Ұпайы жоғары қатысушылар сайысты жалғастырады.

  • I кезең — Бәйге
  • II кезең — Дода
  • III кезең — Кім жылдам?
  • IV кезең — Жорға

I кезең — Бәйге

«Атың жақсы болса — ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса — жан мен тәннің шырағы.»
Төле би
  1. 1) Жазбаша тарихтың негізін салушы

    A) Алаша • B) Геродот • C) Рашид ад-дин • D) Әл-Фараби

  2. 2) Қазақстан тарихы қанша кезеңге бөлінеді?

    A) 4 • B) 5 • C) 3 • D) 2

  3. 3) Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?

    A) Баласағұн • B) Афина • C) Троя • D) Александрия

  4. 4) Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым

    A) Археология • B) Этнография • C) Антропология • D) Топонимика

  5. 5) Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды?

    A) Ұйғыр жазуы • B) Иероглиф • C) Сына жазу • D) Пиктография

  6. 6) А. Байтұрсынов қай әліпбиді жетілдірді?

    A) Латын • B) Кириллица • C) Иероглиф • D) Араб

  7. 7) Көне замандардың жазба құжаттары қайда сақталады?

    A) Мұрағатта • B) Баспада • C) Мектепте • D) Театрда

  8. 8) Жыл санауды алғаш кімдер ойлап тапты?

    A) Египеттіктер • B) Қазақтар • C) Римдіктер • D) Шумерлер

  9. 9) Қазақстандағы ең биік нүкте

    A) Қаратау • B) Ұлытау • C) Алатау • D) Хантәңірі шыңы

  10. 10) Түркі халықтарының рухани орталығы ретінде қай қала қалыптасты?

    A) Ақтау • B) Атырау • C) Түркістан • D) Алматы

  11. 11) Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды?

    A) Мыс пен темір • B) Мыс пен қалайы • C) Қорғасын мен қалайы • D) Қалайы мен темір

  12. 12) Сақ-скиф жеріне басып кірген грек-мақедон әскерінің қолбасшысы

    A) Ескендір Зұлқарнайын • B) Дарий • C) Гобри • D) Пероз

  13. 13) «Алтын адам» қай қорғаннан табылды?

    A) Күлоба • B) Қаратау • C) Есік қорғаны • D) Берел

  14. 14) Ғұн билеушісінің атағы

    A) Тәңірқұты • B) Король • C) Хан • D) Шаньюй

  15. 15) Түрік қағанатын құрған кім?

    A) Бумын • B) Аттила (Еділ) • C) Мөде • D) Тұман

II кезең — Дода

«Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.»
Асан қайғы

I сайыскер

  1. Түрік қағанаты қай жылы құрылды? (552 ж.)
  2. Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? (Әбілқайыр)
  3. Тарих деректері нешеге бөлінеді? (2)
  4. Алғашқы қоғам дәуірінде адамдардың тұрақты түрде бірге өмір сүрген тобы қалай аталды? (Тайпа)
  5. Хаммурапи заңында қанша бап бар? (382)

II сайыскер

  1. Ең ежелгі жылнаманы кім жазғызған? (Египет патшалығы)
  2. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар)
  3. «Дарабоз» атанған батыр кім? (Қабанбай)
  4. Абылай хан ресми түрде қай жылы хан болып сайланды? (1771 ж.)
  5. ҚР Каспий теңізі арқылы қай мемлекетпен шектеседі? (Әзербайжанмен)

III сайыскер

  1. Сақтардың негізгі баспанасы қандай? (Киіз үй)
  2. Қазақстанда қаншаға жуық өзен бар? (82 мыңға жуық)
  3. Ежелгі түркі ескерткіш жазулары қай жерден табылған? (Орхон өзені бойынан)
  4. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты? (Б.з.б. II ғ. соңы)
  5. Әл-Фараби түрік және араб тілдерінен басқа қандай тілді меңгерген? (Парсы)

IV сайыскер

  1. Ұлы Жібек жолы қай елден басталды? (Қытай)
  2. Қазақ хандығы құрылу қарсаңында Ақ Орданы кім басқарды? (Әбілқайыр)
  3. «Ауызша тарих» ұғымын тұңғыш қолданған ғалым кім? (А. Невинс)
  4. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң қалай аталады? (Жеті жарғы)
  5. Мемлекет құрған этностар саны қанша? (200)

V сайыскер

  1. Қазақ шежіресін кім хатқа түсірген? (М. Ж. Көпеев)
  2. Ханның мұрагері қалай аталды? (Сұлтан)
  3. Қазақстан аумағында тараған ең ежелгі дін қайсы? (Заратуштралық)
  4. Қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы қандай? (Киіз үй)
  5. Жоңғар қонтайшысына суырыпсалма шешендік сөз айтқан би кім? (Қазыбек би)

VI сайыскер

  1. Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қай кезеңде жасалды? (Қола дәуірі)
  2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)
  3. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектепті қай жерде ашты? (Ырғыз)
  4. Ш. Уәлиханов Сібір кадет корпусына қай жылы оқуға түсті? (1857 ж.)
  5. 1836–1838 жылдардағы көтеріліс басыларының бірі, жауынгер ақын кім? (Махамбет)

VII сайыскер

  1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді? (1711 ж.)
  2. Қобыз атасы кім саналады? (Қорқыт)
  3. Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзінде нешінші орында? (9-орын)
  4. Дүние жүзінде шамамен қанша этнос бар? (3000)
  5. Ономастика ғылымының қай саласы жер-су атауларының тарихын зерттейді? (Топонимика)

VIII сайыскер

  1. ҚР қанша облыстан тұрады? (14)
  2. Б.з. V ғасырындағы ғұндардың батысқа жорығын кім басқарды? (Аттила)
  3. Дана әрі әділ деген атағы шыққан хан кім? (Тәуке)
  4. 1924–1928 жылдары Қазақстанның астанасы қызметін атқарған қала қайсы? (Қызылорда)
  5. Ежелгі адам тері өңдеуде қандай құрал пайдаланған? (Қырғыш)

III кезең — Кім жылдам?

«Палуанға бәйге жоқ, алысқанын жықпаса. Тұлпарыңды мақтама, топтан озып шықпаса.»
  1. 1) Ең қадірлі адам?

    Ана

  2. 2) Мұсылмандардың қасиетті айы, қасиетті күні, күні-түні аталған ұғымдар

    Рамазан, Жұма, Қыдыр

  3. 3) Сөз өнері жарысы

    Айтыс

  4. 4) Ақтөбе қаласының іргетасы қай жылы қаланды?

    1869 ж.

  5. 5) Алматы қаласының бұрынғы атауы

    Верный

  6. 6) Томирис кім?

    Сақ патшайымы

  7. 7) Ұлттық аспап

    Домбыра

  8. 8) Бір жылда қанша күн бар?

    365

  9. 9) ҚР астаналары болған қалалар

    Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана

  10. 10) Соғыста ерлік көрсеткен адам

    Батыр

  11. 11) Айт мейрамында айтылатын ән

    Жарапазан

  12. 12) Адам алғашқы құралды неден жасады?

    Тастан

  13. 13) Төле би неше жасында қайтыс болды?

    93 жасында

  14. 14) Ы. Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті қандай белгімен бітірді?

    Алтын

  15. 15) А. Құнанбаевтың анасының есімі

    Ұлжан

  16. 16) Ш. Уәлиханов қай жерде дүниеге келді?

    Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісі

  17. 17) Наурыз мейрамын тойлауға қай кезде тыйым салынды?

    КСРО құрамында болған кезеңде

«Жүзден жүйрік озар»

IV кезең — Жорға

«Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенмін, Танымайтын жаттарға танысқалы келгенмін.»

Тұлғалар

  • 20 ұпай

    Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде қанша бөлме бар?

    35

  • 30 ұпай

    Айша бибі кесенесі қай қалада орналасқан?

    Тараз

  • 40 ұпай

    А. Құнанбаевтың қанша қара сөзі бар?

    50-ге жуық

Даталар

  • 20 ұпай

    Абылай хан қай жылы қайтыс болды?

    1781 ж.

  • 30 ұпай

    Ш. Уәлиханов кадет корпусын қай жылы бітірді?

    1853 ж.

  • 40 ұпай

    Ы. Алтынсарин алғаш рет қай жылы ұстаздық етті?

    1864 ж.

Өнер

  • 20 ұпай

    Наурыз мейрамында қандай ұлттық ойындар ойналады?

    Бәйге, күрес, көкпар, қыз қуу, теңге алу және т.б.

  • 30 ұпай

    Төкпе күйдің майталман шебері кім?

    Құрманғазы

  • 40 ұпай

    Тәттімбеттің қанша күйі болған (замандастарының айтуынша)?

    40-тан астам

Ғалымдар

  • 20 ұпай

    Ш. Уәлихановтың 150 жылдығына арнап бес томдық еңбегін құрастырған кім?

    Әлкей Марғұлан

  • 30 ұпай

    1920-жылдары қазақ тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған кім?

    Қаныш Сәтбаев

  • 40 ұпай

    Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист; қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін салушы кім?

    А. Байтұрсынов

Қорытынды

Қорытынды сөз және жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.