Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз
Мерекелік кештің басталуы
І жүргізуші: Ассалаумағалайкүм, құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Жаңа жылға арнау
Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Ит жылы келді ортамызға, Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт. Құтты болсын Жаңа жыл, барша халық! Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Жаңа күнде ән қылып, Тек жүреміз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік!
Неге Жаңа жыл бәріне ортақ мереке?
ІІ жүргізуші: Білесің бе, Жаңа жыл — әлемдегі ең көп әрі ең керемет тойланатын мерекелердің бірі.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың. Бұл күні қуанбаған жан қалмайды: жүздерде күлкі, көңілде шаттық. Әлемнің әр түкпірінде отшашулар атылып, шыршалар жарқырайды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.
Құттықтау: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құттықтау сөзі
І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт пен қуаныш әкелсін! Бүгінгі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Тоқбаев Серік Қайырханұлына береміз.
Жаңа жыл — қайсарлық пен жүректілік, Болашаққа білек түріп бастар күн. Әдемі тілектерге қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тастар үн.
Көңілді сәт: әншілердің талабы
Сахнаға: 6–7 сынып оқушылары шығады. (Музыка қосылады, бірақ ән басталмайды.)
Әншілер: Ағайын, біз ән айта алмаймыз. Ортамызда Аяз ата да, Ақша қар да жоқ. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болуы керек қой. Олар келмей, біз ән бастамаймыз.
ІІ жүргізуші: Ой, ұят болды ғой! Біз шынымен Жаңа жылдың басты кейіпкерлерін ұмытып кетіппіз. Достар, онда бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық! Қалай қарайсыздар?
І жүргізуші: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп Абай атамыз жырға қосқандай, барлық балалардың қуанышы — Аяз атаны ортаға шақырайық!
АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата! АУУУ, Аяз ата!
ІІ жүргізуші: Кәне, достар, шын ниетпен, бар күшімізбен шақырайық!
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Аяз ата мен Ақша қардың келуі
Сахналық ремарка: Аяз ата келеді. Қасында Ақша қар. Қолындағы таяғын тарсылдата кіріп келеді.
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып, Жапалақтап жауғанын көріп қардың, Асыға ұшып келдім құрдай жорып, Ал, достар, алдарыңа келіп қалдым. Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағынып жеттім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстіктен шанамызға бұғымызды жегіп келдік.
Ақша қар: Аяз ата дұрыс айтады! Иә, достар, біз келгенше талай жерде болдық. Әлемнің әр түкпірінде той-думан қызып жатыр.
І жүргізуші: Аяз ата, төрлетіңіз. Ақша қар, сіз де қош келдіңіз. Әншілеріміз сіздер келмесе ән бастамаймыз деп ренжіп тұр. Бір тілек айтып, әнді бастап беріңіздер.
Келтірейін сәніңді, Бұзба енді мәніңді. Әнші қыздар, тоқтама, Шырқап жібер әніңді!
Ән орындалады
- «Жаңа жыл кешінде» — Арай мен Гүлдана
- «Жаңа жыл» — Дана мен Айша
Ән аяқталғаннан кейін Аяз ата әншілерге сыйлық табыстайды.
Өнер көрсетілімдері мен билер
ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе — біздің жастар өнерлі! Сізді күтіп отырғандар көп. Ендеше олардың да өнерін тамашалайық.
Сахнаға шақыру
Шағын орталық пен дайындық сыныптарының тәрбиешілерін ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Сондай-ақ өз костюмдерін қорғап, өнер көрсеткісі келетін оқушылар сахнаға шыға алады.
Би нөмірлері
- Шағын орталық оқушылары
- Дайындық сыныбы
- 1-сынып оқушылары
- «Адай» — Диас пен Жанарыс
Тамаша, тамаша, Күн туды жаңаша. Тамсанады барлығы, Өнеріне қараса. Тамаша, тамаша!
Сыйлық сәті: Аяз ата Ақша қардан сыйлықтарды алып, өнер көрсеткен оқушыларға табыстайды.
Ұйымдастыру ақпараты
- Мектеп
- Талпын жалпы орта білім беретін мектебі
- Тәлімгер
- Г. Ж. Муханбетова
- Кештің атауы
- «Жаңа жыл, жарылқа!» атты жаңа жылдық кеш