Қызығушылығын ояту
Математика (6-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Мектеп
№ 6 орта мектеп
Мұғалім
Курташова Шолпан
Оқу мақсаты
Оқушылардың рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру және есептер шығаруға үйрету.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Топтық және жеке жұмысқа белсенді қатыса алады.
Оқушылардың басым бөлігі
- Есеп шығарып, топтық жұмысты тиімді орындай алады.
Кейбір оқушылар
- Жеке тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
Сабақтың барысы
Басталуы
3 минут- Оқушылармен амандасу, қатысуды белгілеу.
- Оқушыларды төрт топқа бөлу: оң сандар, теріс сандар, модуль, рационал сандар.
Ортасы: қызығушылықты ояту
5 минутI топ — Оң сандар
- Оң сандар дегеніміз қандай сандар?
- Координаталық түзу дегеніміз не?
II топ — Теріс сандар
- Теріс сандар дегеніміз қандай сандар?
- Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?
III топ — Модуль
- Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?
- a санының модулі дегеніміз не?
IV топ — Рационал сандар
- Рационал сандарды қалай салыстырамыз?
- Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?
Мағынаны ажырату
Координаталық түзуде нүктелердің координаталары санақ басынан оң бағытта артатыны, ал теріс бағытта кемитіні белгілі. Осы қасиетті пайдаланып, рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу тәсілін түсіндіреміз және есептер шығарамыз.