Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Мәнерлеп оқу
  • Әңгімелеу
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Портрет
  • Тірек-сызба суреттер
  • Электронды оқулық

Пәнаралық байланыс

Тіл Тарих География

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ақын туралы бұрыннан білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұмат алуға жағдай жасау; «Қазақ солдаты» романынан алынған үзіндінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық

Өз бетінше талдау жасап, зерттеу жұмыстарына машықтандыру; түйінді ой мен өзіндік пікір қалыптастыруға мүмкіндік беру.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу; елжандылық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. 3Зейінді сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • С. Мұқановтың «Лашын» әңгімесін әңгімелеу.

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. 1Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. 2Сабақ мақсатын түсіндіру.

Жаңа сабақ

Электронды оқулықпен жұмыс

  • Электронды оқулықтан Ғ. Мүсіреповтің өмірі туралы мәлімет алу.
  • Оқулықтағы жоспар бойынша жазушы өмірін әңгімелеу.

Ғ. Мүсірепов туралы қысқаша дерек

  • 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
  • Ауыл ақсақалдарына «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын оқып беріп, жаттап өскен.
  • Әңгіме жазудың шебері.
  • Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді».
  • Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты».

VI. Түсінікті тексеру (сұрақ-жауап)

Төмендегі сұрақтар арқылы «Қазақ солдаты» романынан алынған үзінді мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері талданады.

Мазмұн және кейіпкерлер

  • Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?
  • Роман қай кезеңдегі өмірді суреттейді?
  • Қайрош қалаға кіммен және не үшін қашып келеді?
  • Балалар күнкөріс үшін қандай істермен айналысты?
  • Қайрош балалар үйіне қалай әкелінді?
  • Қайрош ана құшағында қандай шаттық сезімге бөленді?
  • Қайрош неге шешесімен бірге ауылға қайтпай, балалар үйінде қалды?
  • Ол нені армандайды?
  • Апасы оған қандай аманат айтты?

Көркемдік талдау

  • Жайық өзені мен Каспий теңізі көріністері Қайроштың көңіл күйімен қалай үндеседі?
  • Шеген мен Бораштың сырт келбеті, мінезі, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі суреттелетін тұстарды мәтіннен табыңдар.
  • Шегеннің портретін ашуда жазушы қандай теңеулерді қолданады?
  • Шеген Қайрошқа неге сеніммен қарайды? Қандай қамқорлық жасайды, қандай шарт қояды?
  • Мәтіндегі мақал-мәтелдерді дәптерге теріп жазып, олардың оқиғаға қатысын анықтаңдар.
  • Жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне назар аударыңдар.
  • Шығарманы негізгі мәселелер бойынша бөлімдерге бөліп, әр бөлімге лайық атау беріңдер.

VII. Жаңа сабақты бекіту

Сыныппен бірге талқылау: «Бүгін не білдік, не үйрендік?»

Қолданылатын тәсіл: INSERT әдісі.

VIII. Сабақты қорыту

Қорытындылау

Сабақ сұрақ-жауап арқылы жинақталып, негізгі тұжырымдар нақтылады.

Бағалау және үй тапсырмасы

  • Бағалау.
  • Үй тапсырмасы: Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достар» шығармасын мазмұндау.