Қола дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың тақырыбы

Қола дәуіріндегі Қазақстан.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қола дәуірі адамдарының қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы және өнері туралы түсіндіру арқылы сол кезеңдегі материалдық және рухани құндылықтармен таныстыру.

Дамытушылық

Тарихи деректерді ғылыми тұрғыдан талдауға, саналы түрде түсінуге үйрету және оқушылардың қабілетін жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік

Тарихқа, өз халқының және өзге халықтардың мәдениетіне қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру; ел мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақтың түрі
Өзара белсенділікті арттыру сабағы
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Суреттер, интерактивті тақта, сызбалар

Бағалау критерийі

Жалпы ұпай саны бойынша бағалау:

  • 0–6 ұпай “3”
  • 7–12 ұпай “4”
  • 13–18 ұпай “5”

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Бағалау критерийімен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру (бейнесұрақтар)

  1. 1. Мустье кезеңіндегі адамды қалай атайды?

    Неандерталь.

  2. 2. Неандертальдықтардан кейін, шамамен 40–30 мың жыл бұрын қандай адамдар қалыптасты?

    Саналы адам.

  3. 3. Суреттегі адамдар қандай әрекет жасап жатыр?

    Найзағайдан түскен отты өшірмей сақтап қалуға тырысып жатыр.

  4. 4. Мына суретте алғашқы адамдар тобыры қандай іс-әрекет жасап жатыр?

    Аңдарды азық ету үшін жардан құлатып жатыр.

  5. 5. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік беріп, аңшылықты күшейтті. Бұл қай дәуір?

    Мезолит.

  6. 6. Суретте қандай діни түсінік көрсетілген?

    Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру — тотемизм.

  7. 7. Ежелгі суретшілер көбіне нені бейнелеген?

    Жабайы аңдарды.

  8. 8. Қыш құмыра жасау — осы дәуірдің үлкен жаңалығы. Кейде “қыш құмыралар заманы” деп аталады. Бұл қай дәуір?

    Неолит.

“Кім жылдам?” (ауызша сұрақтар)

  1. 1.Бифас дегеніміз не?
  2. 2.Неандертальдықтан кейін шамамен 40–35 мың жыл бұрын кім пайда болды?
  3. 3.Ерте палеолит неше кезеңнен тұрады?
  4. 4.Ең бірінші қолданылған металл қандай?
  5. 5.Матриархат дегеніміз не?
  6. 6.Патриархат дегеніміз не?
  7. 7.Қай дәуірді кейде “қыш құмыралар заманы” деп атайды?

“Кім тапқыр?” (дұрыс жауапты таңда)

  1. 1. Ғалымдар Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай атады?

    • A)Саналы адам
    • Ә)Епті адам
    • Б)Тік жүретін адам
  2. 2. Жер беті күрт суи бастады:

    • A)40 мың жыл бұрын
    • Ә)10 мың жыл бұрын
    • Б)100 мың жыл бұрын
  3. 3. Туысқан адамдар ұжымының атауы:

    • A)Адамдар тобыры
    • Ә)Рулық қауым
    • Б)Отбасы
  4. 4. Мезолит заманының үлкен жаңалығы:

    • A)Бифас
    • Ә)Қырғыш
    • Б)Микролиттер

Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары

  1. 1. Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі.
  2. 2. Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеттерінің зерттелуі.
  3. 3. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.
  4. 4. Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы.
  5. 5. Андрондықтардың баспаналары.
  6. 6. Беғазы–Дәндібай тұрғындарының кәсібі.
  7. 7. Тұрғын үйлері.
  8. 8. Климаттың өзгеруі.
  9. 9. Қоғамдық құрылысы.
  10. 10. Діни көзқарастары.
  11. 11. Зергерлік өнері.

Тапсырма: сөйлемді тиісті орнына қой

Б.з.б. мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды.

Өзгерістер

Рулық қатынастар ыдырап, орнына бірлестіктер құрыла бастады. Түсті металдар мен өндірістік жолмен игерілді. шаруашылығы қалыптасты. Біртіндеп көшпелі шаруашылығына ауыса бастады.

Бұл екі бағыт — мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы — еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық-рулық қатынастың орнығуына ықпал етті.

Дұрыс / Бұрыс

Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңыз.

  • 1. Қола негізінен мыс пен алтынның қосындысынан алынады.

    Жауап: Дұрыс / Бұрыс

  • 2. Беғазы–Дәндібай мәдениеті Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекендеріндегі обаларға байланысты аталған.

    Жауап: Дұрыс / Бұрыс

  • 3. Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дін қызметкерлері — молдалар пайда болды.

    Жауап: Дұрыс / Бұрыс

  • 4. Б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді.

    Жауап: Дұрыс / Бұрыс

  • 5. Андрондықтар дене бітімі жағынан моңғолоидтарға ұқсаған.

    Жауап: Дұрыс / Бұрыс

  • 6. Андрондықтардың басты кәсібі — мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік және балық аулау.

    Жауап: Дұрыс / Бұрыс