Аян жақсы оқушы

Сабақтың тақырыбы: «Я я» дыбысы мен әрпі (презентация)

Бұл сабақ — жаңа материалды игеруге бағытталған «саяхат сабақ». Оқушылар «Я я» дыбысы мен әрпін танып, сөздерді буындап оқуды, дыбыстық талдау жасауды, сөйлем құрауды және көркем жазуды тәжірибеде орындайды.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • «Я я» дыбысы мен әрпін таныстыру.
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру.
  • Сауатты оқу мен жазуға дағдыландыру.
  • Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету.
  • Көркем жазуға машықтандыру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Өзіндік көзқарасын қалыптастыру және жетілдіру.
  • Логикалық ойлауын арттыру.
  • Ой тұжырымын жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
  • Дүниетанымын кеңейту.
  • Имандылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Кеспе әріптер
  • Әліппе дәптері

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Ұжымдық оқыту
  • Ой қозғау
  • Ой толғаныс

Сабақтың түрі

Жаңа материалды игеру сабағы, «саяхат» форматы.

Психологиялық бейімдеу (шаттық шеңбері)

Қайырлы таң, досым,
Қайырлы таң болсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл «бестік» болсын.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы ауызша қайталаудан басталып, жаңа дыбыспен таныстыру, оқылым-жазылым тапсырмалары және қорытынды рефлексиямен аяқталады.

I. Қайталау және ой шақыру («Орманға саяхат»)

«Күн шұғыласы» ойыны (сұрақтар)

  • «Г» дыбысы қандай дыбыс?
  • «Егіз» сөзі қалай айтылып тұр?
  • «Г» дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?

Оқылым

«Ақан сері» мәтінін оқыту (аңдардың ізімен «орманға» ілесе оқу).

Аңдарды таныстыру: жұмбақ

Далада жүреді шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ.

Жауабы

Қоян

II. Жаңа тақырып: «Я я» дыбысы мен әрпі

Таныстыру

«Я я» дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. «Я» — қосарлы дауысты дыбыс ретінде қарастырылады.

Суретке сәйкес сызбаны тап

та-қи-я си-я пи-яз а-яқ

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 95-бетіндегі бағандағы сөздерді мәнерлеп оқу.

Суретпен жұмыс және дыбыстық талдау

Буынға бөлу

Ша-ян — буынға бөлу.

Дыбыс саны
5
Әріп саны
4

Дыбыстық талдау

  • «Таяқ» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
  • «Пияз» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сөйлем құрастыру

  • Қоян секіреді.
  • Қоян орманда мекендейді.
  • Қоян қорқады.

Сергіту сәті

1–2–3 — жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.

III. Бекіту тапсырмалары

«Қай сөзді жоғалттым?» ойыны

Мәтіндегі түсіп қалған сөздерді тауып, сөйлемді толықтыру:

  • Қанат ұя жасады.
  • Ұясы әдемі болды.
  • Аян — жақсы оқушы.

Көркем жазу

«Әдемі жазу — өнер». Жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Я әрпін жазу.

Оқиға элементі: қоянның алдынан түлкі шықты

Ойын арқылы әріптерді бекіту: жоқ әріптерді тап.

«Жоқ әріптерді тап»

қи...р а...з та...қ а...қ

IV. Қорытындылау

Шығармашылық тапсырма: «Суретті сөйлет»

Құзар шыңның қиясы —
Қыран құстың ұясы.
Қорған болмас қоянға,
Қырдың қызыл миясы.

Ой толғаныс (рефлексия)

  1. «Я» дыбысы қандай дыбыс?
  2. Қалай айтылады?
  3. Буын және сөз құрауға қалай қатысады?

Қорытынды

Оқушылардың жұмысы бағаланып, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.