Сайыстың шарты

Оңтүстік Қазақстан облысы • Түркістан қаласы

«Майдантал» жалпы орта мектеп КММ

Тарих пәні мұғалімі: Қамбарұлы Дархан

Интеллектуалды сайыс ҰБТ – білім көрсеткіші «ХХІ ғасыр көшбасшысы» форматы

Сайыстың мақсаты

Білімділік

Сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімін жүйелеу және тереңдету.

Дамытушылық

Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, Түркістан тарихы, азаматтану және яссауитану пәндеріне қызығушылықты арттыру; шығармашылық қабілетті, тарихи ойлау мен зияткерлік дағдыны дамыту.

Тәрбиелік

Қазіргі таңда теледидарда көрсетілетін танымдық бағдарламалар үлгісінде оқушыларды қоғамдық жаңалықтар мен өзгерістерден тыс қалмауға баулу, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.

Ашылу сәті (жүргізуші сөзі)

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Мектепішілік «ҰБТ – білім көрсеткіші» атты интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі күшейген ХХІ ғасырда тәуелсіз, егемен еліміздің болашақ көшбасшылары — білім додасына қош келдіңіздер!

Ендеше, «ҰБТ – білім көрсеткіші» ойынына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

Сайыс құрылымы

1-кезең: Жедел сұрақтар (Тарих)

Сыныптан іріктелген 6 оқушыға тарих пәнінен 18 сұрақ қойылады.

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ұпайлар есептеледі.

І кезең сұрақтары (жауаптар жақша ішінде)

  1. 1. Үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. (Кіші жүз)

  2. 2. Бөкей Ордасы қай жылы құрылды? (1801 ж.)

  3. 3. Патша үкіметі қаражатына Ішкі Ордада хан сарайы қай жерде салынды? (Жасқұс)

  4. 4. 1827 ж. Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің неше мүшесі болды? (12 би)

  5. 5. Ішкі Ордадағы көтеріліс қанша кезеңге бөлінді? (3)

  6. 6. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдерден тұрды? (Қазақ шаруаларынан)

  7. 7. Жәңгір хан Орынбор әскери губернаторына жолдаған хатында Исатай мен Махамбетті қалай сипаттады? (Елдің шырқын бұзушы, бүлікші)

  8. 8. 1836 жылы қазан айының аяғында Исатайдың туы астына қосымша неше ауыл көшіп келді? (20)

  9. 9. Көтерілісшілер подполковник Меркулов пен Геккенің әскерлерінен қай жерде жеңіліске ұшырады? (Тастөбе)

  10. 10. Губернатор Перовский Исатайды ұстап, облыстық басқармаға тірідей тапсырған адамға қанша сыйақы тағайындады? (1000 сом)

  11. 11. Сақ, сармат тайпаларының андроновтықтарға ұқсастығын жазған ғалым. (Смағұлов)

  12. 12. Ғұндар көшпелі тұрмыс құрғандықтан қандай үйлерде тұрды? (Киіз үйлерде)

  13. 13. Орта ғасырлардағы қолөнер туралы жазба деректерге қарағанда көбірек мәлімет беретін материалдар. (Археологиялық)

  14. 14. Орта ғасырдағы Ташкент қаласының атауы. (Шаш)

  15. 15. Қазақстан жерінде өмір сүрген ерте орта ғасырлық мемлекеттердің негізгі тілі. (Көне түркі)

  16. 16. Андроновтықтардың жерлеуінде адамның басы қаратылған көкжиек тұсы. (Батыс немесе оңтүстік-батыс)

  17. 17. Қарахандықтар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші. (Ихтадар)

  18. 18. 1219 жылы қыркүйекте Қазақстан жеріне жорық жасаған кездегі Шыңғысхан әскерінің саны. (150 мың)

2-кезең: Пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар

Оқушылар таңдаған пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді. Тақтада 5 пән бойынша деңгейлік сұрақтар жасырылып тұрады.

Дұрыс жауап берген оқушы ұпай алады. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

ІІ кезең кестесі (ұпай деңгейлері)

Пәндер

  • Қазақстан тарихы: 10 • 20 • 30 • 40 • 50
  • Дүниежүзі тарихы: 10 • 20 • 30 • 40 • 50
  • Түркістан тарихы: 10 • 20 • 30 • 40 • 50
  • Яссауитану: 10 • 20 • 30 • 40 • 50
  • Азаматтану: 10 • 20 • 30 • 40 • 50

Қазақстан тарихы (10–50)

  • 10. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі. (Жетісу өңірі)
  • 20. Е. Пугачев көтерілісіне қай жүздердің қазақтары қатысты? (Кіші жүз бен Орта жүз)
  • 30. 1836–1838 жылдардағы көтеріліске түрткі болған жағдай. (Жәңгір ханның қайын атасының Каспий өңіріндегі қазақ руларына билеуші болып тағайындалуы)
  • 40. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары. (1804–1846 жж.)
  • 50. Қозғалыстың басты мақсаты қандай болды? (Хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту)

Дүниежүзі тарихы (10–50)

  • 10. АҚШ-тың тұңғыш президенті. (Д. Вашингтон)
  • 20. Алғашқы мемлекеттер пайда болған жерлер. (Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің алқаптары)
  • 30. 1792 жылы 22 қыркүйекте республика болып жарияланған мемлекет. (Франция)
  • 40. Ұлы Моғол империясының негізін қалаушы. (Бабыр)
  • 50. Ежелгі Египеттің алғашқы астанасы. (Мемфис)

Түркістан тарихы (10–30)

  • 10. «Шауғар» сөзі қандай мағына білдіреді? (Қаратау)
  • 20. Түркістан маңындағы Қарнақ медресесінде білім алған, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғаны атаңыз. (Абылай хан)
  • 30. Түркістан қаласында XVII ғасырдан сақталған, кейін Қоқан бекінісі қабырғаларының астында қалған, Шығай ханның ұлына арналып салынған архитектуралық ескерткіш. (Есім хан ескерткіші)