Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Сабақтың тақырыбы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән / сынып
- Қазақ тілі, 6-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Саяхаттан келгенде. Болжалдық сан есім
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту
- Көрнекіліктер
- Оқулық, суреттер, грамматикалық кесте
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Тақырып бойынша мәлімет беру.
- Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына назар аударту.
- Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты бірізді баяндауға үйрету.
Дамытушылық
- Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін, жазу мәдениетін жетілдіру.
- Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
- Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Сәлемдесу.
- 2Оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін анықтау.
- 3Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау
Алдыңғы тақырып бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіру, қысқа сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру
1) Грамматикалық тақырып: болжалдық сан есім
Сұрақтары: қанша?, неше?
Жұрнақтар
-дай/-дей, -тай/-тей, -лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп, -лаған/-леген, -даған/-деген
Мысалдар: жүздей, ондаған, мыңдап.
Көмекші сөздер
- шамалы, шақты (атау септікпен)
- жуық, жақын (барыс септікпен)
Мысалдар: жүз шамалы, онға жуық.
2) Тапсырма: сөйлемдерден сан есімдерді табу
Сөйлемдердегі сан есімдерді анықтап, олардың жасалу жолын түсіндіріңдер.
- Концертке екі жүздей адам жиналды.
- Ауылға дейін жүз елуге жуық километр.
- Сабақтың аяқталуына бес минуттай қалды.
- Қалада үш жүз мыңға жақын тұрғын тұрады.
- Оның үйіндегі кітапханасында екі жүздей кітап бар.
- Мәжіліс залында алпыс-жетпістей адам жиналыпты.
- Ұшаққа жүз шақты адам кірді.
3) Лексикалық тапсырма
«Саяхаттан келгенде» тақырыбы бойынша диалог құрастырып жазыңдар.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Төмендегі мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, түрін анықтаңдар.
Біреу есік қақты. Үйге екі досым келді: біреуі — Қанат, екіншісі — Мұрат. Сіңлім біреумен бірге кітапханаға кетіпті. Сенің үйіңе біреу келді ме? Менің бір ұлым бар. Екеуі де ұзын бойлы. Барлық жетеуі дүкенге кетті. Мұғалім төртеуіне рұқсат берді. Екіншісі — менің әжем.
V. Сабақты қорытындылау
Пысықтау сұрақтары:
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есімдер қандай топтарға бөлінеді?
- Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер.
- Реттік сан есім қалай жасалады?
- Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын атаңдар.
VI. Сергіту сәті
Жұмбақтар шешу.
VII. Үй тапсырмасы
- Ережені жаттау.
- алтау, жетеу сөздерін септеу.
VIII. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен жазба жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.
Қосымша
Қажет болған жағдайда басқа тақырыптар бойынша сабақ жоспарларын қарастыру.