Қарахан мемлекеті орталығы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Көршілес орналасқан түркі тілдес мемлекеттік бірлестіктердің саяси-экономикалық ахуалын салыстырмалы түрде таныстыру.

Міндеттері

  • Білімділік: оқушыларды орта ғасырлардағы найман, керейіт, жалайыр тайпаларының тарихымен таныстыру.
  • Дамытушылық: тарихи материалды түсіндіру арқылы ойлау, еркін әрі тарихи тілде жатық сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, ел мен Отанды қастерлеуге, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Карта
  • Тірек-сызба, кесте
  • Плакат

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Интерактивті тақтамен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс

Сабақтың барысы

  1. 1Ұйымдастыру
  2. 2Үй тапсырмасын сұрау
  3. 3Жаңа сабақты түсіндіру
  4. 4Қорытындылау, бағалау
  5. 5Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы: қайталау және бекіту

I. Сұрақ-жауап

Қарахан мемлекеті тақырыбы бойынша қысқа сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. 1) Қарахан мемлекеті Қазақстанның қай бөлігінде құрылды?
    Жетісу аймағы, Шығыс Түркістанның бір бөлігі.
  2. 2) Исламды мемлекеттік дін деп жариялаған хан кім?
    Мұса Боғыра хан.
  3. 3) Қарахан мемлекетінің орталығы қай қала?
    Баласағұн.
  4. 4) Жікіл тайпасының тотемі қандай?
    Арыстан.
  5. 5) Әли Арслан хан қай жылдары билік етті?
    960–990 жж.
  6. 6) Қарахандықтардың Орта Азияға жорықтары қай ғасырда басталды?
    X ғасырда.
  7. 7) Шығыс Қарахандықтың орталығы қайда болды?
    Орда.
  8. 8) 1089 жылы Қарахандарды кім басып алды?
    Селжұқтар.
  9. 9) 1212 жылы Шығыс Қарахан елін қай найман ханы басып алды?
    Күшлік.
  10. 10) Ханның саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны қалай аталады?
    Орда.

II. Терминдер

Ихта
Жер иеленудің бір түрі.
Мұқта
Жер иеленуші.
Вақф
Діни жер иелігі.
Музари
Алым-салық жинаушы.
Коммендация
Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді.

III. Тарихи диктант

1) 1212 жылы Мұхаммед Қарахан мемлекетін құлатты.

2) Соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы бір-біріне өте ұқсас екенін жазған — Махмұд Қашқари.

Жаңа сабақ: жоспар

1) Наймандар

Орта ғасырлардағы найман тайпаларының мекені, саяси құрылымы және ішкі-тысқы саясаты.

2) Керейіттер

Керейіт бірлестігінің аумағы, орталығы және хандық құрамындағы аймақтар.

3) Жалайырлар

Жалайырлардың қоныстануы, тарихи тұлғалар және қазақ халқы құрамындағы орны.

Наймандар

Негізгі деректер

  • Мекені: Орхон өзені мен Алтай аралығы.
  • Атауының мағынасы: «сегіз тайпа бірлестігі» (Сегіз өзені бойын мекендеген тайпалар).
  • Күшейген кезеңі: XII ғасырдың екінші жартысы.
  • Орталығы: Балықты.
  • Билеушісі: хан.

Саясаты мен тарихи оқиғалар

1160–1203

Наркеш Дайын хан

  • Егін шаруашылығы дамыды.
  • Отырықшы-қалалық өмір салты орнықты.

Инанч-Білге хан

  • Елді өнерге, күнкөріске баулыды.
  • Бейбіт өмірді насихаттады.
  • Сауда қатынасын дамытты.
  • Наймандар одағын біріктіріп, мемлекетті күшейтті.
  • Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.
  • «Білге хан» атанды.

Бұйрық және Даян хандар

  • Бұйрық хан Қара Ертіс бойындағы Орунгу маңын мекендеді.
  • Билік үшін талас күшейді.
  • Даян хан далалық өңірде билік жүргізді.
  • Бұйрық хан Шыңғыс хан мен Ван ханнан жеңіліп, Енисей қырғыздарына қашты.
  • 1202 жылы Шыңғыс хан әскері Даян ханды жеңді; оның ұлы Күшлік Жетісуға қашты.

Керейіттер

Қоныстануы және атауы

  • Мекені: Орхон, Керулен, Селенга, Аргун өзендері бойы.
  • Атауының шығуы: Керлин өзені атауымен байланысты.
  • Аумағы: Долы өзені – Завхан аймағындағы Қазақ тауы аралығы.
  • Орталығы: Битөбе.

Хандық құрамындағы 8 аймақ

Тутау
Албат
Қыркун
Тунхай
Сақай
Жирқиы
Керей
Қоңқай

Жалайырлар

Мекені және орналасуы

Жалайырлар Селенга, Хилок, Орхон өзендері бойын және Қарақорым таулы қыраттарын мекендеген.

Қазақ халқы құрамындағы орны

Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар негізінен Жетісу өңірінде қоныстанған.

Тарихи тұлғалар мен деректер

Мұқылай

Шыңғыс ханның ең жақын серіктерінің бірі, түменбасы.

Жамұқа

1201 жылы өзін гурхан деп жариялап, таққа отырды. Кейін Шыңғыс хан Жамұқаны жеңіп, жалайырларды бағындырды.

Жазба дерек

Тарихшы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» жалайырлар Шыңғыс ханның қолға түсірген тұтқындары ретінде көрсетіледі.

Қоғамдық құрылыс және басқару жүйесі

Басқару түрі

Хандық билік.

Басқару тәсілі

Ұлыстық жүйе арқылы жүргізілді.

Басқару орталығы

Орда. Ұлыстың ішкі істерін жүргізушілер — шербилер.

Қорытынды тұжырым

Найман, керейіт және жалайыр бірлестіктері ықпалды болғанымен, толыққанды ірі мемлекеттік дәрежеге тұрақты түрде жете алмады.

Топтық жұмыс

Сыныпты 3 топқа бөлу

1-топ
Наймандар
2-топ
Керейіттер
3-топ
Жалайырлар

«Сен — маған, мен — саған»

Әр топ оқулықпен жұмыс жасап, бір-біріне 5 сұрақтан дайындайды.

Жаңа сабақты бекіту (тест)

  1. 1) Керейіт мемлекетінің орталығы:
    а) Суяб
    ә) Битөбе
    б) Тараз
  2. 2) Ұлыстардың ішкі істерін жүргізгендер:
    а) Герди
    ә) Түмен
    б) Шерби
  3. 3) «Монгол жеріндегі IX–XIII ғғ. өмір сүрген керейлер — күші дамыған ел» деп айтқан тарихшы:
    а) Рашид ад-Дин
    ә) Әл-Индри
    б) М. Қашқари
  4. 4) Найман мемлекетінің астанасы Балықты қай өзен бойында орналасқан?
    а) Ертіс
    ә) Іле
    б) Орхон
  5. 5) Жалайыр Жамұқа өзін гурхан деп жариялап, таққа қай жылы отырды?
    а) 1201 ж.
    ә) 1202 ж.
    б) 1204 ж.

Рефлексия және қорытынды

Ой-толғаныс

Тақырып: «Егер мен хан болсам...»

Өз көзқарасыңызды тарихи ұғымдармен байланыстырып, қысқа пікір ретінде жазыңыз.

Бағалау және үй тапсырмасы

  • Бағалау: сабақ соңында жауаптар мен топтық жұмыс нәтижелері бойынша жүргізіледі.
  • Үйге тапсырма: §11. Тайпалар туралы мәнжазба жазу және оқулық соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.