Ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Түрі: білім мен іскерлікті игеру · Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Light mode · Tailwind

Мақсаты

Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар, сызбалар, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері

Талдау, сұрақ-жауап, ой қозғау, қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Грамматикалық талдау арқылы ой-өрісін дамыту.

Дамытушылық

Сөздерді дұрыс қолдану қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.

Тәрбиелілік

Ұстамдылыққа, әдептілікке, тазалыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сынып тазалығына көңіл бөлу.
  • Денені тік ұстап отыру керектігін ескерту.
  • Психологиялық тренинг өткізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Эдвард де Боно: «6 ойлау шляпасы»

Ақ қалпақ

  • Түбір дегеніміз не?
  • Қосымша дегеніміз не?

Сары қалпақ

Берілген сөздерге қосымша жалғап айт: етік, егін, қар.

Қызыл қалпақ

Мақалды оқып, қалың қаріппен берілген сөздерді салыстыр. Ерекшелігін айт.

Еңбек ер атандырады.

Еңбектің түбі — рахат.

Жасыл қалпақ

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мен ғарышкер боламын

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын —

Мен ғарышкер боламын!

  • «Ғарышкер» сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
  • Қандай ғарышкерлерді білесің?

Көк қалпақ

Түбірге қосымша не үшін жалғанады? Мысал келтір.

IV. Жаңа сабақ

Түбір

Түбір — сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағынасы бар негізгі бөлігі.

Мысалдар: қала, орман, көше, жұлдыз.

Негізгі ой: түбір — сөздің өзегі, мағынаны сақтайтын бөлік.

Қосымша

Түбірге жалғанатын бөлшек қосымша деп аталады.

Мысалдар:

  • қала + -ға
  • орман + -да
  • көше + -мен
  • балық + -шы

Тапсырма бағыты: түбірді анықта да, оған жалғанған қосымшаны ажырат.

Оқыту тәсілі

«Кубизм» әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқулықтағы жаттығулар орындалады.

V. Өзіндік жұмыс

Жұмыс дәптері: №2 тапсырма.

Қосымшалы сөз
Түбір
Қосымша
адалдық
адал
-дық

VI. Ой сергіту

«Доп лақтыру» ойыны арқылы екі қатарға тапсырма беріледі:

1-қатар

«Ай» сөзінен басталатын қыз балалардың есімдерін ата.

2-қатар

«Ер» сөзінен басталатын ұл балалардың есімдерін ата.

VII. Сабақты қорыту

Сызба әдісі арқылы қорытынды жасалады: «Қызыл телпекке құлпынай жинауға көмектесейік».

Жүректен — жүрекке

Әр күнің ашық болсын!

Жүздерің жарқын болсын!

Талаптарың таудай болып,

Сарқылмайтын білім болсын!

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

IX. Үйге тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны тауып қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Кеңес: алдымен түбірді тап, содан кейін сөйлем мағынасына сай қосымшаны таңда.