Бүгін кім кезекші

Сабақ тақырыбы: Денсаулық (5-сынып)

Бұл сабақта оқушылар салауатты өмір салты туралы түсінігін кеңейтіп, денсаулықты сақтау жолдарын үйренеді. Сабақ құрылымы қызығушылықты оятудан бастап, мәтінмен жұмыс және топтық тапсырмалар арқылы бекітуге дейін кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Сабақтың мақсаты

Білуіміз тиіс

  • Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулықты сақтау және аурудың алдын алу жолдарын меңгеру.
  • Мәнді өмір сүру үшін ең алдымен деннің сау болуы қажет екенін ұғыну; басты байлық — денсаулық екенін түсіну.
  • Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру және денсаулықты шынықтыру дағдыларын қалыптастыру.

Үйренуіміз қажет

  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту және сауатты жазу.
  • Сөйлемде сөздердің орын тәртібін сақтап, оларды дұрыс қолдану.

Қызығушылықты ояту

Амандасу және сабаққа кіріспе

Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты сабаққа ұйымдастырады:

  • «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
  • «Отырыңдар.»
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Психологиялық ахуал

Сәлеметсің бе, алтын күн!

Сәлеметсің бе, көк аспан!

Сәлеметсіз бе, Жер-ана!

Сәлеметсіз бе, сіз!

Сәлеметсіз бе, біз!

Кезекшімен сұхбат

  • Бүгін кім кезекші?
  • Аптаның қай күні?
  • Қазір қандай жыл мезгілі?
  • Көктем айлары қандай?
  • Бүгін ауа райы қандай?
  • Сыныпта кім жоқ?

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Көктемде ауа райы қандай болады?
  2. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  3. Көктемде адамдар қандай жұмыстар атқарады?
  4. Көктем адамның көңіл күйіне және денсаулығына қалай әсер етеді?
  5. Адам денсаулығына не пайдалы?

Фонетикалық жаттығу

Денсаулық — ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық — ол тыныққан,

Жүйке-тамыр жүйесі.

Сөзжұмбақ және жаңа сөздер

Сөзжұмбақ

Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіреміз.

Лексикалық минимум

Бүгін жаңа сөздермен танысамыз және «Денсаулық гүлі» үлгісін құрастырамыз.

Спортпен айналысу

Тазалық сақтау

Дұрыс тамақтану

Демалыс

Жуыну

Зиянды әдеттер

Салауатты өмір салты

Денсаулықты нығайтуға бағытталған күнделікті дағдылар жиынтығы.

Дене шынықтыру жаттығулары

Сабақ барысында қысқа жаттығулар арқылы сергіп, зейінді арттырамыз.

Мәтінмен жұмыс және топтық тапсырмалар

Бүгінгі сабақта денсаулық туралы әңгімелесеміз. Сынып екі топқа бөлінеді:

1-топ

1-бөлік бойынша жұмыс

2-топ

2-бөлік бойынша жұмыс

Тапсырма 1

Денсаулықты сақтау үшін ережелерді іріктеп жазып шығыңдар.

Сергіту сәті

Қане, кішкене демалайық. Электрондық сергіту сәтін орындаймыз.

Тапсырма 2

«Дұрыс тамақтану» мәтіні бойынша тірек сөздер құрастырып, топпен қорғауға шығыңдар.