Сәлеметсіздер мебалалар

Мақсаты

Балалардың денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту және дұрыс өсіп-қалыптасуына ықпал ету. Қызықты әрі көңілді ойындар арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Құрал-жабдықтар

  • Құм салынған қалташа

  • Құрсау

  • Жалауша

  • Гимнастикалық орындық

  • Доға

Кіріспе көрініс

Балалар спорт киімін киіп, әуен ырғағымен спортзалға кіреді.

Жылы лебіз

Нұсқаушы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі саяхатымыз қызықты әрі көңілді өтеді деп ойлаймын. Келісесіңдер ме?

Көңілді ұран

Алақанды соғайық біз — 1, 2, 3

Аяғымыз тоқылдасын — 1, 2, 3

Денемізді тік ұстап,

Шынығуға дайынбыз!

Сюжеттік желі: “Спорт еліне саяхат”

Спорт елі туралы әңгіме

Нұсқаушы: Өзен, көл мен асқар тау-тастардың ар жағында бір ел бар. Оның аты — Спорт. Бүгін біз сол таңғажайып елге саяхатқа шығамыз.

Ол үшін сендер батыл әрі шыдамды болуларың керек. Келісесіңдер ме?

Кейіпкердің келуі: Жалқаубек

Жалқаубек (Шаттық): (Көңілсіз әуенмен ортаға шығады.) Ох! Ай! Ой-ой-ой! Не болды екен? Бүкіл денем ауырады. Маған не болды? Мықты денсаулығымды кім қайтарады?!

Есіме түсті: мен керемет балабақшаға бара жатыр едім ғой. О-о, міне балалар да келді. Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Диалог: мәселені анықтау

Жүргізуші: Сәлем, Жалқаубек! Не болды? Неге көңілсізсің?

Жалқаубек: Білмеймін, бәрі ауырады. Не істерімді де білмей отырмын. Денсаулығымды қалай сақтап қаламын?

Шешім: Спорт ханшайымына жол

Нұсқаушы: Мен саған кім көмектесе алатынын білемін. Спорт ханшайымы денсаулығыңды нығайтуға көмектеседі.

Біз дәл қазір сол елге саяхатқа аттанғалы тұрмыз. Қаласаң, бізбен бірге жүр!

Жалқаубек: Келістім!

Жаттығулар мен қозғалыс түрлері

Жүру түрлері

  • Жай жүріс
  • Аяқ ұшымен жүру
  • Өкшемен жүру
  • Тізені жоғары көтеріп жүру
  • Массаж төсеніштерімен жүру

Кедергілер арқылы қозғалу

  • Судан аттап өту
  • Тауға өрмелеп шығу
  • Тастарды басып жүру
  • Ирелеңдеп “жыланша” жүгіру

Тыныс алу жаттығуы

“Шарды үрлейік” — тынысты мұрынмен алып, ауаны баяу әрі бірқалыпты шығару.

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №12 бөбекжай-бақшасының дене тәрбиесі нұсқаушысы:

Жумагүлова Мәншүк Амангелдіқызы