Мұқағали МақатаевҚор болған жылдарым - ай, күндерім - ай
Мұқағали Мақатаев
Қор болған жылдарым - ай, күндерім - ай!
Асауға ауыздықсыз мінгенім - ай!
Мына қасқа бәрін де біле тұрып,
Мына қасқа бірін де білмеуін - ай!
Шынымен түсінбей ме мына қасқа,
Мына - көз, мына - жүрек, мына - басқа
Мына қасқа шынымен түсінбей ме,
Бұлбұлдың қонбайтынын қу ағашқа?!
Мына - жүрек, мына - көз, мына баста,
Ненің барын біледі мына қасқаң...
Сезгіштігін білдіріп алам ба деп,
Тас жүрегін жасырар қына басқан.
Аламын деп қасқаның тас қамалын,
Тас жүрекпен қашанғы тас боламын.
Тас жүрекке табынтып, тастамағын,
Жүрегін бер, тәңірім, жас баланың!
Сағындым сені, сәби кездерім - ай,
Сандалтып, мені тастап безгенің - ай.
.. Мына қасқа бәрін де сезіп тұрып,
Мына қасқа бірін де сезбеуін - ай!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мұқағали Мақатаев жайында
Халықтық тіл- әдеби тілдің алғашқы бастауы
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Балалардың сүйікті жыршысы
Әбділда Тәжібаев туралы
Көпен Әмірбек
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
АЙША БИБІ
МАЙҚЫ БИ