Көкшетау таудың аты

Сабақ тақырыбы

Ана тілі

І. Жансүгіров — «Көкшетау» өлеңі

Сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Көкшетау» өлеңінде суреттелген таудың әсемдігі мен көркемдігін сезінуге, табиғаттың ақынға шабыт берген қасиетін түсінуге жетелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың әдеби тіл байлығын дамыту, көркем мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Эстетикалық тәрбие беру, туған жер табиғатына сүйіспеншілік пен құрмет сезімін күшейту.

Көрнекіліктер

  • 1 І. Жансүгіров портреті
  • 2 Көкшетау суреті
  • 3 Плакатқа жазылған ереже
  • 4 І. Жансүгіров кітаптары көрмесі
  • 5 Слайд: Көкшетау көріністері

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, назарын жаңа тақырыпқа бағыттау.

2) Үй тапсырмасы

Қ. Аманжолов «Туған жер» өлеңі

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  1. Қасым Аманжолов кім?
  2. Қандай тақырыптарға өлеңдер жазған?
  3. Ақынның туған жеріне деген мақтаныш сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
  4. Туған жердің кеңдігі мен байлығы туралы ақын қалай тебіренеді?
  5. «Қызығыңды көріп еркін келемін» деген жолдағы ақын ойы қандай?
  6. «Сен де аямай бердің маған барыңды, мен де аямай барым саған беремін» деген жолдар арқылы ақын нені меңзейді?
  7. С. Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңімен бұл өлеңнің ұқсастықтары қандай?

Айтылым

Өлеңді жатқа, мәнерлеп айту.

Орындау

Өлеңді әуенімен орындау.

Алдыңғы сабақта біз «Туған жерім — тұғырым, өскен елім — өзегім» атты жаңа тарауды бастаған едік.

3) Жаңа сабақ

Бүгін біз туған жерін айшықты жырларымен өрнектеген қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

І. Жансүгіров 1894 жылы қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетіндегі көрнекті ақындардың бірі. Балаларға арналған өлеңдері де жинақ болып шыққан: «Өтірік», «Малта», «Балаларға базарлық», «Мектеп» және т.б.

Ақынның өлең-жырын тыңдап өскен бала туған жерін, өскен ортасын, ата-анасын қадірлеп өсері анық.

Көкшетау туралы

Көкшетау — тау атауы. Солтүстік Қазақстанда Көкшетау қаласы да орналасқан. Табиғаты ерекше сұлу: Көкшетаудың саясында сексенге жуық көл бар, әрқайсысы төңкерілген кесе тәрізді дөңгеленіп жатады.

Ақынға өлең жазу үшін шабыт қажет. Сол шабытқа дем берген — таудың әсемдігі мен көркемдігі.

Мұғалімнің оқуы

Мұғалім «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды. Ақын таудың биіктігін Оқжетпес шыңын суреттеу арқылы сипаттайды:

«Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,

Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен»

Ақын Көкшетауды «жер жаннаты» деп бағалайды. Ол — сұлу қыздай сымбатты, жомарт, момақан, дастарқанды тау. Қойнауында пайдалы тастар бар, орман-тоғайы аң мен құсқа толы, ауасы шипалы, дертке дауа ретінде сипатталады.

Көкшетауда Қазақстандағы бес ұлттық саябақтың біреуі орналасқан. Мұнда қорғауға алынған аң-құс түрлері бар. Табиғатын тамашалауға туристер мен демалушылар жиі келеді. Бурабай көлі де осы өңірдің көркі.

Жақында Көкшетаудың баурайында «Оқжетпес» санаторийі ашылып, ашылу рәсіміне ел басшылығы қатысқаны айтылды.

Өлеңді талдау тапсырмалары

  • Ақын суреттеп отырған тауды көз алдыңа елестетіп көр.
  • Өлеңдегі теңеулерді тап.
  • Көркейту мақсатында қолданылған тіркестерді тауып, дауыстап оқы.
  • «Жомарт тау», «Момақан тау», «Шипа тау» тіркестерінің мазмұнын аш.

Үзінді

«Көк орман, көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан-алтын, меруерт тас,

Төгіліп көк жиекке саудыраған»

Бұл шумақтағы «көк», «көркем» сөздері орман мен тоғайдың айрықша сипатын нақтылау үшін қолданылған.

Бір нәрсенің ерекшелігін айқындап, көзге айқынырақ түсіру үшін оның атауына көркем, бейнелі сөз қосылады.

Сондай-ақ ақын көлді сұлу қыздың көзіне теңеп, көл әсемдігін көз алдымызға елестетеді.

Негізгі ұғым: теңеу

Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсемен, көмескілеу сипатты таныс сипатпен салыстырып, көрнекі етіп көрсету үшін қолданылатын бейнелі тәсіл теңеу деп аталады.

Теңеу көбіне -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары немесе «бейне», «тәрізді» сөздері арқылы жасалады.

Сергіту сәті

І. Жансүгіровтың басқа өлеңдерінде де ақын оқырманмен ашық сырласып, ішкі жан дүниесін ақтарғандай әсер қалдырады. Ол табиғатқа тіл бітіріп, небір бейнелі өрнектермен ойды айшықтайды.

Оқушылар жұмысы

  • Өлеңді кезектесіп, мәнерлеп оқу.
  • Өлеңдегі басқа теңеулерді тауып, мағынасын талдау.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. І. Жансүгіров кім? Ол қандай ақын?
  2. Көкшетау жері туралы не білдің? Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
  3. Теңеу деген не?
  4. Өлеңдегі теңеулерді алып тастап оқысақ, мәтін қалай өзгерер еді?
  5. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары мен «бейне», «тәрізді» сөздерін қатыстырып мысал келтір.

Мысалдар

сұлу-дай шолпысы сылдырлаған; бұлақ-тай таудан төмен сылдырлаған; бала-дай бал-бұлақтар былдырлаған және т.б.

Қорытынды

І. Жансүгіров кітаптары көрмесіне шолу жасау.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау.

Үй тапсырмасы

  • «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • «Теңеу» ұғымын жаттау.
  • Көкшетаудың суретін салу.
  • Теңеулерді қолданып, бір шумақ өлең шығарып келу.