Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру
Қызылорда қаласы
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Керимханқызы Ақтоты
Сабақтың тақырыбы
Билер сөзі – нақылдың көзі
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін ұғындыру.
- Дамытушылық: жүйелі әрі тапқыр сөйлеу қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: шешендікке, тапқырлыққа, ұтымды сөйлеуге және әділдікке баулу.
Сабақ туралы
- Типі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Мәнерлеп оқу, іздендіру, топтастыру
- Көрнекілігі
- Шешендік сөздер, «Шешендік шиырлары», «Үш би», түрлі слайдтар
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
Сабаққа бағыт беру
- Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Оқушыларды үш топқа бөлу: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша әр топ өз атауын қорғайды: би-шешендердің өмір жолынан қысқаша мәлімет беріп, шешендік толғауларын жатқа, мәнерлеп айтады.
Өткен сабақты бекіту сұрақтары
- 1 Шешендік дегеніміз не?
- 2 Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктерін ата.
- 3 «Би сөзі» ұғымын қалай түсінесің?
III. Жаңа сабақ
Кіріспе
Сабақта Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тұлғаларының өнегелі мұрасы негізге алынады.
Мағынаны тану (мұғалім сөзі)
Ауыздан ауызға жеткен шешендік сөздерден қазақ елінің тыныштықты, ауызбіршілікті, ынтымақты, адалдықты жоғары қойғаны айқын көрінеді. Шешендік сөздерге тән басты қасиеттер — шешендік пен өжеттік қана емес, сонымен бірге әділдік, ойдың айқындығы, білімділік және жүйелілік. Бұл мұра бізге сұрыпталып, іріктеліп жеткен: халық даналығынан туған асыл ойлар өсиет-насихат, нақыл түрінде ұрпаққа жеткізілген.
Негізгі құндылықтар
- Тыныштық
- Ауызбіршілік
- Ынтымақ
- Адалдық
Шешендік сөздің сипаты
- Әділдік
- Ойдың айқындығы
- Білімділік
- Жүйелілік
Кітаппен жұмыс
Әр топ өзіне берілген бөлімді топтасып оқиды. Оқу барысында мәтінді рөлге бөліп және мәнерлеп оқуға назар аударылады. Соңынан әр топ қалған екі топқа негізгі ойды түсіндіріп береді.
I топ
Төле би
Мәтінді оқып, түйінді ойды анықтап, басқа топтарға түсіндіреді.
II топ
Қазыбек би
Рөлге бөліп оқып, мәнерлеп жеткізуге машықтанады.
III топ
Әйтеке би
Негізгі ой мен тәрбиелік мәнді бөліп көрсетіп, қорытындылайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Әр топ берілген тапсырмаларды мәтінді пайдаланбай орындайды. Мақсат — материалды есте сақтап, жүйелі түрде жеткізе білу.
V. Үйге тапсырма
I топ
«Қарлығаш әулие»
Ізденіп, ой-толғау жазып келу.
II топ
«Қаз дауысты Қазыбек»
Ізденіп, ой-толғау жазып келу.
III топ
«Алшын Әйтеке би»
Ізденіп, ой-толғау жазып келу.
VI. Білімді бағалау
Үш топтың сабаққа дайындығына сараптама жасалып, әр оқушының жауабына сәйкес бағалау жүргізіледі.
VII. Сабақты қорыту
Қорытынды ой
Сабақ соңында шешендік сөздердің адам тәрбиесіндегі орны, ойды дәл әрі ұтымды жеткізудің маңызы, сондай-ақ әділдік пен бірлікке үндейтін өнегелі тұжырымдар жинақталады.