Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Атырау облысы • Қызылқоға ауданы • Тасшағыл ауылы
Т. Амандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нургүл Жалғасова Күлмановна
Сабақтың тақырыбы
Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Білімділік
Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қарастыру, меңгерту.
Дамытушылық
Логикалық ойлау, ой-өріс, есептеу дағдыларын қалыптастыру; математикалық тілін дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: көрсетілмеген | Әдісі: көрсетілмеген | Көрнекілігі: көрсетілмеген
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Мұғалім әрекеті
- Оқушыларды түгендеу.
- Амандасу.
- Сабаққа назар аударту, ынталандыру.
Сәлемдесу өлеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Мұғалімнің тілегі
5-тік болсын бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Кел, балалар, келіңдер,
Математиканы көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар,
Оқуға зейін қойыңдар.
Сендер болып, біз болып, сабақтың жақсы өтуіне тілектеспін!
II. Үй тапсырмасы
- Сауалнама.
- Перфокартамен жұмыс.
III. Жаңа сабақ
Қайталау сұрақтары
- Толық ондықтарды атаңдар.
- Толық жүздіктерді атаңдар.
Үлгі (бірліктер)
- Көбейту
- 3 × 2 = 6
- Бөлу
- 6 : 2 = 3
Ондықтар мен жүздіктерге қолдану
- Ондық
- 30 × 2 = 60
- Жүздік
- 300 × 2 = 600
- Ондықты бөлу
- 60 : 2 = 30
- Жүздікті бөлу
- 600 : 2 = 300
Тапсырмалар жүйесі (медальдар)
Әр кезең аяқталған сайын оқушылардың белсенділігі «медальмен» бағаланады.
1 медаль — Оқулықпен жұмыс (№1)
Есептеу4 × 2 = 8
8 : 4 = 2
40 × 2 = 80
80 : 4 = 20
400 × 2 = 800
800 : 4 = 200
3 × 3 = 9
30 × 3 = 90
300 × 3 = 900
2 медаль — Оқулықпен жұмыс (№3)
Есептер1) Көмір туралы есеп
Егер әр вагонда 40 т көмір болса, 8 вагонда неше тонна көмір бар?
Шешуі: 40 × 8 = 320 (т)
Жауабы: 8 вагонда 320 тонна көмір бар.
2) Күріш пен жүгері
Қаптағы жүгерінің массасы 20 кг. Бұл қаптағы күріштің массасынан 40 кг-ға кем. Қаптағы күріштің массасы қандай?
Шешуі: 20 + 40 = 60 (кг)
Жауабы: қаптағы күріштің массасы 60 килограмм.
3 медаль — Математикалық диктант
Жылдамдық3 × 2 = 6
4 × 4 = 16
4 × 7 = 28
12 : 4 = 3
16 : 2 = 8
32 : 4 = 8
4 × 6 = 24
3 × 7 = 21
24 : 3 = 8
4 медаль — Теңдеу шешу
Алгебралық ойлау1) Теңдеу
x × 4 = 40
2) Теңдеу
300 : a = 3
5 медаль — Оқулықпен жұмыс (№2)
Өлшем бірліктеріУақыт
2 сағатта, 3 сағатта, 4 сағатта неше минут бар?
Ұзындық
2 м, 3 м, 4 м-де неше сантиметр бар?
Масса
2 ц, 3 ц, 5 ц-де неше килограмм бар?
Тарихи уақыт
2 ғасырда және 3 ғасырда неше жыл бар?
6 медаль — Логикалық есептер
Тапқырлық- Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
- Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу?
- Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны — 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
7 медаль — Өз бетімен жұмыс (№5, №8)
ДербестікКестені толтыр
| Өрнек | Мәні |
|---|---|
| 30 × a | ... |
| 100 × a | ... |
Есепте
70 × 2 =
600 : 3 =
50 × 4 =
90 × 2 =
120 : 2 =
120 : 3 =
150 : 3 =
800 : 4 =
700 : 7 =
90 : 9 =
210 : 3 =
800 × 2 =
60 × 2 =
50 × 3 =
60 × 4 =
Сабақты қорытындылау
Балалар, мына есептерді қатесіз орындасақ, ерекше сөз шығады. Бәріміз атсалысайық.
4 × 2
12 : 4
4 × 3
32 : 8
4 × 6
4 × 5
36 : 4
4 × 7
20 : 4
4 × 8
Шыққан сөз:
Ендеше, бүгінгі сабақта білімімен көзге түскен «чемпиондарымызды» анықтайық.