Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
7 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты
Білімдік
7 санының пайда болуын түсіндіру, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорын толықтыру.
Дамытушылық
Салыстыра білуге, таза әрі көркем жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Тазалыққа, ұқыптылыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ–жауап
- Көрнекілік
- Ойын
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Кеспе сандар
- Қима қағаздар
- Үлестірмелі материалдар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жылы ахуал- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Тренинг өткізу: «Күлкі сыйлау».
Тренинг мәтіні
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бірге үйге қайтамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
ҚайталауБерілген есептердің орындалуын және сандар қатарының дұрыс жазылғанын тексеру. 0-ден 6-ға дейін тура және кері санау арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
Ойын
«Үйін тап»
III. Жаңа сабақ
7 саныКіріспе тапсырма
Геометриялық пішіндер арқылы көпір құрастыру.
1) Ауызша жұмыс
- 6 санының пайда болуын қайталау.
- 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар қатарын қайталау және 6 санын басқа сандармен салыстыру.
- Кестені пайдаланып 7 санының шығуын түсіндіру.
- 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандар қатарын құрастыру және 7 санын 6 санымен салыстыру.
Өлең жолдары
Жазда шөпті шабар,
Қыста тыныш табар.
Шалғы бар әр үйде —
7-ге ұқсас бәрі де.
2) Оқулықпен жұмыс
№1
Теңдіктің қалай құрылғанын түсіндіру:
6 + 1 = 7
7 − 1 = 6
Кесіндінің ұзындығын өлшеу
№2
7 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 6 мен 7 сандарын салыстыру.
Толықтыруға арналған өрнектер
6 □ 6
6 = □
□ + □ = 6
6 − □ = □
3) Дәптермен жұмыс
Оқушылар тапсырмаларды өз бетімен орындайды: таяқшалардың суретін пайдаланып қосынды мен айырманың мәндерін дұрыс табу; 7 санын басқа сандармен, 7 см-ді басқа ұзындықтармен салыстыру; 7 цифрын жазып жаттығу.
Мысалдар
6 + 1 = 7
7 − 1 = 6
Сандар қатары
4 3 2 1 0
Ұзындықтарды салыстыру