Отан отбасынан

Сабақтың тақырыбы

Мен қазақша сөйлеймін

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Көрнекілігі: қима қағаздар, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың мақсаты

Тілді дамыту, ұлттық құндылықтарды қадірлеу және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Білімділік

  • Оқушыларды мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйрету.
  • Сурет бойынша мәтін құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
  • Білімдерін жүйелеу және толықтыру.

Дамытушылық және тәрбиелік

  • Ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Отанды сүюге баулу, елді өркендетуге білімді әрі білікті азамат қажет екенін ұғындыру.
  • Өнерге, елге және жерге деген патриоттық сезімді ояту.

Сабақтың ашылуы

Мұғалімнің сөзі

Құрметті ұстаздар қауымы, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн. Мерекелік көңіл күйді Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады

Жүргізушінің кіріспесі

Құрметті қонақтар мен оқушылар! Алдымызда үлкен мереке — Тәуелсіздік күні. Сонымен қатар 14 желтоқсан — Қазақ тілі күні. Бүгінгі сабағымызды осы айтулы күндерге арнаймыз. Сабақ сайыс түрінде өтеді, әділқазылар алқасымен танысамыз.

Сайыс құрылымы

Бөлім саны: 5

1-бөлім. Таныстыру

Командалық

Әр топ өздерін таныстырады: атауы, ұраны, мүшелері және қысқаша таныстырылым.

2-бөлім. Мақал-мәтелдер сайысы

Тілдік

«Мағынасыз сөз болмайды, мақалсыз ел болмайды» — келесі тапсырмада оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып жазады және өздері білетін мақал-мәтелдерді айтады.

Жалғастыр:

  • 1 Туған жер — алтын бесік.
  • 2 Өз елім — өлең төсегім.
  • 3 Отан отбасынан басталады.
  • 4 Тіл — көңілдің кілті.
  • 5 Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

3-бөлім. Сұрақтар айдары

Қазақстан Астана Рәміздер

Оқушылар тақырып пен ұпай деңгейін таңдап, сұрақтарға жауап береді.

Қазақстан

  • 10 ұпайӨнер
  • 20 ұпайҚазақстан қандай мемлекет?
  • 30 ұпайҚазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
  • 40 ұпайҚазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?

Астана

  • 10 ұпайӨнер
  • 20 ұпайҚазақстанның екінші астанасы қай қала?
  • 30 ұпай1929–1997 жылдардағы Қазақстанның астанасы қай қала болды?
  • 40 ұпайАқмола қай жылдан бастап еліміздің астанасы болды?

Рәміздер

  • 10 ұпайТуда не бейнеленген? Олар нені білдіреді?
  • 20 ұпайБейнесұрақ: мынау кім?
  • 30 ұпайЕлтаңбада не бейнеленген? Авторлары кім?
  • 40 ұпайҚазақстанның рәміздерін ата. Қашан қабылданды?

4-бөлім. «Кім көп сөз табады?»

Ойын

Берілген сөз: «Қазақстандықтар». Оқушылар осы сөзден мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастырады.

Жүргізуші сөзі

Айтып кеткен ақылдылар өз Отанын сүйерін,
Жазып кеткен жазушылар тілге арнаған тілегін.

Енді Отан мен тіл туралы өлең жолдарын айтуға көрермендерге кезек берейік.

5-бөлім. Сурет бойынша әңгімелеу

Шығармашылық

Оқушылар ұсынылған суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады.

  • Астана
  • Өскемен

Қорытынды

«Елім менің» әнімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Сайыс қорытындыланып, оқушылар марапатталады.