Жаңылтпаш айту

Сабақ туралы

Пән
Әдебиеттік оқу (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Туған тілім, өркенде!
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, суреттер
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, топтастыру, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, өлеңді мәнерлеп оқу, дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла».

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуды, жаңылтпашты мүдірмей айтуды, жұмбақ шешуді үйрету. Білім сайысын ұйымдастыру.

Дамытушылық

Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін және ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Білімге құштарлыққа, ізденімпаздыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өту барысы

1-бөлім: Ұйымдастыру

Кіріспе әңгіме

Оқытушы

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушылар

Қазір жылдың күз мезгілі.

Оқытушы

Күз мезгілінің қай айы?

Оқушылар

Күз мезгілінің қыркүйек айы.

Оқытушы

Қыркүйек айында қандай мерекелер бар?

Оқушылар

Білім күні, Тіл мерекесі.

Оқытушы

Дұрыс. Ал біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Оқушылар

Мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі.

Біз қазақпыз. Отанымыз — Қазақстан. Сондықтан қазақ тілінде сөйлейміз және мемлекеттік тілімізде білім аламыз. Бүгінгі сабақта осы уақытқа дейін өткен тақырыптарды қайталаймыз. Қайталау сабағы болғандықтан, сабақты сайыс түрінде өткізуді жөн көрдім.

Мектебімізде Тіл мерекесіне орай «Ана тілің — арың бұл» атты апталық өтіп жатыр. Бүгінгі сабағымызды да осы мерекеге арнаймыз.

Сайыс сабағының шарттары

Тақырып: «Туған тілім, өркенде!»

  1. 1

    Өлеңді мәнерлеп оқу

  2. 2

    Жұмбақ шешу

  3. 3

    Жаңылтпаш айту

  4. 4

    Мақал-мәтел сайысы (мағынасын ашу)

  5. 5

    Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»