Барыс септік

Сабақ тақырыбы

Барыс септік. Қазақ тілі пәні, 4-сынып (ашық сабақ).

Сабақ түрі: аралас Формат: ашық сабақ

Жалпы мақсат

Оқушыларға барыс септік туралы (сұрақтары мен жалғаулары) жүйелі мәлімет беру; барыс септіктегі сөздердің сөйлемде етістіктен болған мүшелермен тікелей байланысатынын түсіндіру; оның толықтауыш және пысықтауыш қызметтерін меңгерту. Сонымен бірге зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға қызығушылығын күшейту және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Барыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын меңгереді.
  • Барыс септіктегі сөздердің етістікпен байланысын түсінеді.
  • Сөйлемде толықтауыш және пысықтауыш қызметтерін ажырата алады.
  • Зат есімнің септелуі бойынша білімін жетілдіреді; сауаттылығы артады.
  • Ынтымақтастыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау, салыстыру, ажырату, топтау
  • Ойын, баяндау, ізденіс
  • Жазба жұмысы, өз бетімен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Оқулық, бағалау парақшасы
  • Тақта, бор, дәптер
  • Фигуралар, A4 парақтары, тапсырмалар

АКТ

Интерактивті материалдарды қолдану арқылы тапсырмаларды түсіндіру және бекіту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру: ынтымақтастық атмосферасы

Шаттық шеңбері (өлең жолдары)

Мұғалім: Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Мұғалім: Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Мұғалім: Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Мұғалім: Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Ұйымдастыру қадамдары

  • Оқушыларды жұпқа бөлу.
  • Бағалау фигураларын тарату.
  • Үй тапсырмасын тексеру: 38-жаттығу (124-бет).

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар

  1. 1 Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  2. 2 Зат есім деген не?
  3. 3 Зат есімнің септелуі деген не?
  4. 4 Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.
  5. 5 Атау септігі туралы не білесің?
  6. 6 Ілік септігі туралы не білесің?

Жұптық жұмыс: сөйлемдердегі қалың қаріппен берілген сөздердің түбірі мен жалғауын табу, сұрақ қою арқылы қай септік екенін анықтау.

II. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Атаң мен әжеңнің өз заттарын жинап бер.

Мағынаны тану (мысалдар)

  1. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
  2. Аталы сөзге арсыз жауап қайтарар.
  3. Ата — балаға сыншы.
  4. Анам кесеге сүт құйып берді.
  5. Айжан жатақханаға келді.
  6. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Ережемен жұмыс: Барыс септік

Сұрақтары

Кімге? Неге? Қайда?

Жалғаулары

-ға -ге -қа -ке

Қызметі

  • Етістіктен болған мүшелермен тікелей байланысады.
  • Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?) болады.
  • Сөйлемде пысықтауыш (Қайда?) болады.

Ескерту: барыс септік жалғаулары сөздің мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырады.

Жаттығулар мен тапсырмалар

42-жаттығу (өздік жұмыс)

Берілген сөздерді барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жаз.

теңіз ауыл мал мектеп тай

Үлгі

Тай → тайға. Азамат тайға мінді.

Сергіту сәті

Көңілді күн әуенімен билеп, сергіту жаттығуларын жасау.

43-жаттығу (ауызша)

Сөйлемдерді оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы барыс септіктегі сөздерді анықтау.

46-жаттығу (жазбаша)

Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау, сөйлем мүшелеріне талдату.

Құжаттандыру

Тексерілді

Оқу ісінің меңгерушісі: Ахметқалиева Б.

Бекітемін

Мектеп директоры: Темирбеков Б.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шолақорда ауылы, Б. Майлин орта мектебі (КММ).

Бастауыш сынып мұғалімі: Рысбекова Шынар Маулытханқызы.

Толық нұсқасын жүктеу.