Түрлі түсті қағаз, желім

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Мұғалім

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі — Шаймерден Азатхан Серікұлы

Сабақ тақырыбы

Жаңа жылға дайындық: шырша дайындау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Шырша туралы мағлұмат беру және оқушыларға шыршаны жасау жолдарын үйрету.

Дамытушылық

Танымдық қабілетін, ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға дағдыландыру; еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың ресурстары мен форматы

Көрнекілік және құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта
  • Қауіпсіздік ережелері
  • Қалам, өшіргіш
  • Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім
  • Таспа, жіп түрлері

Түрі, типі, әдісі, байланысы

Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білімді игерту

Әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Қар жинау» ойыны, СТО элементтері

Пәнаралық байланыс: математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Шалғында» тақырыбында композиция құрастыру.

III. Өткен сабақты бекіту

«Қар жинау» ойыны арқылы

  1. 1.Композиция дегеніміз не?
  2. 2.Композиция қандай бөліктерден тұрады?
  3. 3.Композицияға қандай сәндік өрнектер қосуға болады?
  4. 4.Аппликация дегеніміз не?
  5. 5.Заттық аппликация дегеніміз не?
  6. 6.Сюжетті аппликация дегеніміз не?
  7. 7.Оригами дегеніміз не?

IV. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау (сұрақтар)

  • Біз қандай ойын ойнадық?
  • Қар жылдың қай мезгілінде болады?
  • Қысқы мерекелер қандай?
  • Қыста аңдар қалай күн көреді?
  • Қыс мезгілінде қандай аңдар ұйқыға кетеді?
  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
  • Қыс айларын ата.

Топтық жұмыс (топтастыру)

1-топ

Қыс мезгілі

2-топ

Қысқы ойындар

3-топ

Қысқы еңбек түрлері

«Поэзия минуты»

Қыс мезгіліне байланысты тақпақтарды айту.

V. Мағынаны ашу

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту. Дәптерлеріне күннің ретімен жаңа сабақтың тақырыбын жаздыру.

Жұмбақ

Жасыл ине — киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің.

Жауабы: шырша

Шырша туралы қысқаша мәлімет

Шырша (лат. Picea) — қарағай тұқымдасына жататын, қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Шыршаның көп түрі күн көзін жақсы көреді; сұрыпты түрлері жеңіл топырақта және ық жерлерде жақсы өседі. Жыл сайын сынған не майысқан бұтақтарын кесіп, қалыпқа келтіріп отыру қажет.

Өсу ерекшелігі

Биіктігі әдетте 30–50 м-ге дейін жетеді. Алғашқы 15–20 жылда өте баяу өседі, кейін жылына шамамен 30 см-ге дейін өседі. 6–12 жыл аралығында қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады.

Отырғызу арақашықтығы

Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, шыршаларды бір-бірінен немесе өзге ағаштардан кемінде 6 м арақашықтықта отырғызған дұрыс.

Пайдасы

Ауаны тазартатын қасиетіне байланысты аурухана мен шипажай маңына көптеп егіледі. Жол жиектерінде жел ұстағыш ретінде де қолданылады.

Түрлері мен түсі

Шығыс шыршасының қылқаны — сары немесе алтын түсті; ине қылқанды шыршаныкі — көк, көкшіл; еуропалық шыршаныкі — қою жасыл; балқандық шыршаныкі — күміс түсті немесе сұр.

Қосымша деректер

  • Дүние жүзінде шамамен 50-ге жуық түрі бар.
  • Түріне қарай 50–150 жыл аралығында өмір сүреді; бойы 1 м-ден аспайтын түрлері де кездеседі.
  • Ағашы жұмсақ, жеңіл, мықтылығы төмен болғандықтан құрылыс пен ағаш өңдеуде қолданылады.
  • Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың үні ерекше әсем болады.
  • Тұқымы орман құстары мен кеміргіштерге азық болады; дің қабығы тері илеуде пайдаланылады.
  • Көптеген елде шырша жаңа жылдық ағаш ретінде кеңінен танымал.

VI. Сарамандық жұмыс

Қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздігі

  1. 1.Қағазды қиғанда қайшыны емес, қағаз парағын жылжыт. Сол қол саусақтарына абай бол.
  2. 2.Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
  3. 3.Қайшыны біреуге бергенде жабық күйінде бер; сап жағын алушыға қаратып ұста.
  4. 4.Жұмыс аяқталған соң қайшыны арнайы қорапшаға салып қой.

Жапсырмалау қадамдары (қысқаша)

  • Шыршаға лайық түсті таңдау: негізгі түс — жасыл.
  • Қағазды қиып дайындау: алынған бөліктер үшбұрышқа немесе пирамидаға ұқсайды.
  • Аққала, шырша, жұлдыз бейнелеріндегі пішіндерді анықтау: бұлар — геометриялық пішіндер.
  • Дайын пішіндерді желімдеп, шыршаны сәндік ойыншықтармен безендіру.

Сергіту сәті

Шаңғыменен сырғанап,
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап,
Бұршақ болып түсеміз.

VII. Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)

Сұрақтар

  • Бүгін біз нені жапсырмаладық?
  • Шыршаны немен безендірдік?
  • Безендіруге қандай құралдарды қолдандық?

Күтілетін жауаптар

  • Шыршаны жапсырмаладық.
  • Әдемі ойыншықтармен безендірдік.
  • Түрлі-түсті қағаз және желімді пайдаландық.

Сабақ соңында оқушыларға қысқа ойын ұйымдастырып, көңіл-күйді көтеруге болады.

VIII. Бағалау

Оқушылардың жұмысына талдау жасап, жетістіктерін атап өту арқылы бағалау.

IX. Үй тапсырмасы

Шырша және шырша ойыншықтарын жасап келу.