Қыз Жібек - менің сүйікті фильмім

Сабақ туралы мәлімет

Сынып
7-сынып
Тақырып
Сіз киноға жиі барасыз ба?
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Айтылым, оқылым, тілдесім, жазылым

Мақсаттары

  1. Оқушыларды сүйікті істері туралы сөйлете отырып, кино жанрларын ажырата білуге үйрету.
  2. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту және ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
  3. Кино өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды жаңа тақырыпқа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тапсырмалар бойынша қысқаша сұрақ-жауап және кері байланыс.

III. Жаңа сабақ

Тақырып: «Сіз киноға жиі барасыз ба?». Оқушылар киноға бару жиілігі, ұнататын жанрлары және сүйікті фильмдері туралы сөйлеседі.

1) Ой шақыру

Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, бірнеше сөйлем жазыңыз.

ересек қызыл зал көк зал басты рөл қатар махаббат туралы қорқынышты шытырман оқиғалы фантастикалық басты рөлде ойнау фильм көру

Нұсқа:

  • Мен бүгін фильм көремін.
  • Ол басты рөлде ойнауды армандайды.
  • Біз көк залда, үшінші қатарда отырдық.

2) Оқылым (сөздік жұмысы)

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын талқылап, дұрыс қолданылуын мысалдар арқылы бекітіңіз.

3) Суреттер бойынша сөйлесіңіз (айтылым)

Суреттерге қарап, кинотеатрлар туралы 2–4 сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі:

Мен суреттерден Алматыдағы кинотеатрларды көріп тұрмын. Мынау — «Алатау» кинотеатры.

4) Сұрақтарға жауап беріңіз (тілдесім)

1) Сіз киноға жиі барасыз ба?

Иә, мен киноға жиі барамын. Мен киноға күнде / апта сайын / ай сайын барамын.

Жоқ, мен киноға жиі бармаймын.

2) Сіз киноға баруды жақсы көресіз бе?

Иә, мен киноға баруды жақсы көремін.

Жоқ, мен киноға баруды жақсы көрмеймін.

3) Сіз қандай киноны ұнатасыз?

Мен тарихи / шытырман оқиғалы / фантастикалық / қорқынышты / махаббат туралы киноны ұнатамын.

Мен бұл жанрды ұнатпаймын.

4) Сіздің сүйікті фильміңіз бар ма?

Иә, менің сүйікті фильмім бар. Оның аты — ...

Жоқ, менің сүйікті фильмім жоқ.

5) Орысша сөздерді қазақша сөздермен сәйкестендіріңіз (жазылым)

Орысша

  1. 1. взрослый
  2. 2. детский
  3. 3. исторический
  4. 4. красный зал
  5. 5. синий зал
  6. 6. главная роль
  7. 7. играть в главной роли
  8. 8. ряд
  9. 9. приключенческий
  10. 10. фильм ужасов

Қазақша

  1. балалар
  2. тарихи
  3. ересек
  4. басты рөлде ойнау
  5. басты рөл
  6. қатар
  7. көк зал
  8. шытырман оқиғалы
  9. қорқынышты фильм
  10. қызыл зал

Қосымша тапсырма

«Сізге қандай кино ұнайды?» тақырыбында сыныптасыңызға 2–3 сөйлем айтыңыз.

Үлгі

Маған тарихи кино ұнайды.

Жанрлар

  • шытырман оқиғалы
  • махаббат туралы
  • фантастикалық
  • қорқынышты

Қарама-қарсы пікір

Маған қорқынышты кино ұнамайды.

6) Сұхбатты қайта тыңдап, сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз (тілдесім)

Берілген сөйлемдерді логикалық ретке келтіріп, диалогты құрастырыңыз.

Бекітуге арналған сөйлемдер

  1. Бүгін «Арман» кинотеатрында қызық шытырман оқиғалы кино болады.
  2. Ендеше ертең «Қыз Жібекке» барайық!
  3. Айман, бүгін киноға барайық.
  4. Қандай тамаша! «Қыз Жібек» — менің сүйікті фильмім.
  5. Қандай киноға?
  6. Маған шытырман оқиғалы кино ұнамайды. Маған махаббат туралы кино ұнайды.
  7. Ертең «Алатау» кинотеатрында «Қыз Жібек» болады.

7) Үй тапсырмасы

«Менің сүйікті фильмдерім» тақырыбына монолог дайындап келіңіз (8–10 сөйлем).

  • Қай жанрды ұнатасыз және неге?
  • Сүйікті фильміңіздің атауы, кейіпкерлері, басты ойы.
  • Киноға қаншалықты жиі барасыз?

8) Бағалау

Оқушының қатысу белсенділігі, сөздік қорды қолдануы, сөйлеу сауаттылығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.

Айтылым

Ойын анық жеткізу

Тілдесім

Сұраққа толық жауап

Жазылым

Дұрыс сәйкестендіру

Сөздік

Жаңа сөздерді қолдану