Баған түрінде есепте
Сабақтың тақырыбы
Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты
- 1 Есептерді теңдеу құру арқылы шығарту және оқушылардың білімін бекіту.
- 2 Оқушылардың танымдық қабілетін, зейінін және белсенділігін дамыту.
- 3 Оқуды өмірмен байланыстыру; ұжымда бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу; өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру; алған білімін қолдана білуге және тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі
Ойын сабақ.
Сабақтың типі
Білім–білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу.
Әдістері
Жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.
Көрнекілігі
Слайд тапсырмалары, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, бір-біріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?» Оқушылар кезектесіп жақсы тілектерін білдіреді:
- «Мен саған ашық аспан тілеймін!»
- «Мықты денсаулық тілеймін!»
- «Мен саған бақыт тілеймін!»
- «Нұрлы күн тілеймін!»
Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр. Нұрлы күннің әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін жұмбақты шешеміз:
Жұмбақ
Адасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.
Жауабы: x (икс).
Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады.
2) Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Дәптерімізді ашып, күн жадын және тақырыпты жазып аламыз.
-
1. Бәйге
Өткенді қайталау
-
2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Оқулықпен жұмыс
-
3. Білгенге маржан, білмеске арзан
Сұрақ-жауап
-
4. Бойы сергектің, ойы да сергек
Тез есептеу
-
5. Еңбек түбі – береке
Геометриялық тапсырма
-
6. Қызықты есептер
Ойлан, тап!
-
7. Қорытынды
Үй тапсырмасы, бағалау
1. «Бәйге» ойыны (өткенді қайталау)
Сұрақ 1
Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигура қалай аталады?
Жауабы: тік төртбұрыш.
Сұрақ 2
Ауданды қалай табамыз?
Жауабы: ұзындығы мен енін көбейтеміз.
Сұрақ 3
Көлемді қалай табамыз?
Жауабы: ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз.
Сұрақ 4
Фигураның периметрін қалай табамыз?
Жауабы: барлық қабырғаларын қосамыз.
Сұрақ 5
Жылдамдықты қалай табамыз?
Жауабы: қашықтықты уақытқа бөлеміз.
Сұрақ 6
Теңдеу дегеніміз не?
Жауабы: құрамындағы әріптің мәнін табуды қажет ететін теңдік.
Сұрақ 7
Теңдеудің неше түрі бар?
Жауабы: екі.
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (есеп шығару)
Оқулықпен жұмыс. Тапсырмалар топтық және жұптық форматта орындалады.
1-тапсырма: Принтер (бет саны)
| № | Басып шығару жылдамдығы | Уақыт | Беттер саны |
|---|---|---|---|
| 1 | 35 бет/мин | 5 мин | ? |
| 2 | ? | 5 мин | 120 бет |
| 3 | 17 бет/мин | ? | 340 бет |
1-тапсырма: Принтер (таңба саны)
| № | Басып шығару жылдамдығы | Уақыт | Таңба саны |
|---|---|---|---|
| 1 | 450 таңба/с | 120 с | ? |
| 2 | ? | 30 с | 15000 таңба |
| 3 | 350 таңба/с | ? | 21000 таңба |
2-тапсырма
Теңдеуді шеш:
3-тапсырма
Теңдеуді шеш:
3. «Білгенге маржан, білмеске арзан»
Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
Жауабы: 14.
Біздің облысымыз қалай аталады?
Жауабы: Маңғыстау облысы.
Біз қай ауданда тұрамыз?
Жауабы: Бейнеу ауданында.
Аудан қай жылы құрылды? Құрамына неше елді мекен кіреді?
Бұл сұрақтарға оқушылар өз өңірі туралы білімін пайдаланып жауап береді.
4-тапсырма
Сызба бойынша есептер құрастыр.
5-тапсырма: Баған түрінде есепте
4. «Бойы сергектің, ойы да сергек»
«Баспалдақ» ойыны: тез есептеу тапсырмалары орындалады.
5. «Еңбек түбі – береке»
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау. Интерактивті тақтада түрлі түсті бояумен сызып жазу.
Кесінділер
OK, OE
Сәулелер
OA, OC, OD, OB, EV, FG, KD
Түзулер
AD, CB
6. Қызықты есептер
1) Атасы мен әжесінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге?
2) Су жағасына тауық пен үйректің 7 балапаны келді. Суда 5 балапан жүзіп жүр. Онда қалған 2 балапан қайда?
Жауабы: қалған 2 балапан — тауықтікі (тауық балапандары суда жүзбейді).
3) Жаңа жыл дастарханына мектепте 263 дана алма дайындалды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе көп қыз келсе, барлық балаға алма жете ме?
172 + 86 = 258 (барлығы)
263 − 258 = 5
Жауабы: алма жетеді, 5 алма артық қалады.
7. Қорытынды
Үй тапсырмасы
№7 тапсырма (ә).
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
Қорытындылау
Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайталанып, кері байланыс беріледі.