Орта ғасырларда қазақ жерінен шыққан даналар
10-сыныпқа арналған ашық сабақ
Тақырыбы: Орта ғасырларда қазақ жерінен шыққан даналар
«Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі.»
— Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың мақсаты
Орта ғасырлардағы ғылым мен әдебиеттің дамуына үлес қосқан ғалымдар мен әдебиет өкілдері туралы мәлімет беріп, түсіндіру. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері мен бай мұрасын таныстырып, олардың тарихи маңызын көрсету.
Білімділік
Қазақстан аумағында XIV–XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын және әкімшілік құрылысын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың ізденіс қабілетін және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілік
Өз елінің тарихын білуге, құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдістері
- Ауызша баяндау
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
Көрнекілігі және ұйымдастыру
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Адасқан хат» ойыны арқылы ой қозғау сұрақтары беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
«Адасқан хат» ойыны: ой қозғау сұрақтары
-
1. Әлекей Марғұлан қазақ эпосын қандай кезеңдерге бөліп зерттеді?
-
2. «Еділді тартып алғаны — етекке қолды салғаны, Жайықты тартып алғаны — жағаға қолды салғаны» деп кім жырлаған?
-
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті көзімен көрген ақын-жырауларды атаңыз.
-
4. Жыр-аңыздардан тарихи дерек алуға бола ма?