Рим империясы

Сабақ №8 • Қазақстан тарихы • 5-сынып

§8. Қазақстан территориясындағы көне түркілер

Бұл сабақта оқушылар Түрік қағанатының құрылуы, этникалық құрамы, шаруашылығы және мәдениеті арқылы түрік өркениетінің қалыптасу негіздерін түсінеді. Сонымен бірге талдау жасап, қорытынды шығаруға және топпен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Негізгі дереккөздер

  • Білім стандарты және пән бағдарламасы
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер», 5-сынып оқулығы
  • Авторлар: Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
  • Интернет материалдары

Жалпы мақсат

  1. 1 Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет — Түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамын және шаруашылығын түсіндіру; мәдениеті негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету.
  2. 2 Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыру арқылы өздігінен талдау жасап, қорытынды шығару дағдысын дамыту.
  3. 3 Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Түрік қағанатының құрылуы, халқының этникалық құрамы және мәдениеті туралы білімін кеңейтеді. Топта жұмыс істеп, бір-бірімен ой бөлісуді, ортақ қорытынды жасауды және өз ойын ашық әрі толық жеткізуді үйренеді.

Негізгі идея

Түрік қағанаты — ерте ортағасырлық мемлекет ретінде Қазақстан аумағындағы тарихи үдерістерді түсінудің маңызды кілті.

Тапсырмалар

1) Ой қозғау

Тақырып бойынша бастапқы білімді белсендіру, сұрақтар арқылы пікір қалыптастыру.

2) Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)

Мәтінді талдау, негізгі ойды бөліп алу, қорытындыны қорғау.

3) Жұптық жұмыс (INSERT)

«Сен — маған, мен — саған» тәсілі арқылы өзара түсіндіру және тексеру.

4) Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырма)

Жеке орындау арқылы білімді бекіту және саралау.

Сабақ барысы (мұғалім жазбалары)

I. Ұйымдастыру

Уақыты: 4 минут

1.1 Жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, ынтымақтастық орта құру.

2 минут

1.2 Топқа бөлу

Үш топқа бөлінеді: қызыл, жасыл, ақ түсті таратпалар арқылы.

2 минут

II. Үй тапсырмасын сұрау

Жеке жұмыс • 3 минут

Деңгейлік тапсырма: жаңа сөздерге анықтама беру

1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы — ____________________________

2. Угор естек — ____________________________

3. Рим империясы — ____________________________

4. Боспор патшалығы — ____________________________

5. Вестгот, остгот — ____________________________

6. Византия, феодалдық — ____________________________

7. Дәуір, эфталит — ____________________________

8. Ақ ғұн — ____________________________

Бағалау: мадақтау
Нәтиже: терминдерді нақтылау және бұрынғы тақырыпты бекіту

Топтық жұмыс: картамен жұмыс

5 минут

1-топ

Ғұн империясының орналасуы

2-топ

Ғұндардың мәдениеті

3-топ

Ғұн империясының ыдырауы

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау • Топтық жұмыс

Тақырып

Қазақстан территориясындағы көне түркілер

Қаралатын бағыт

Тарих туралы түсінік және Қазақстан тарихының кезеңдері (қысқа мерзімді жоспар аясында).

Ескерту

Сабақ материалы толық нұсқада қарастырылады; қажет болған жағдайда қосымша интернет дереккөздері пайдаланылады.