Махамбетке арнау
Ұрпағының таланы көп.
Тағдырынан Махамбеттің сыр ұғамын,
Кей - кейде тағдырына өр ақынның қызығамын.
Көз алдымда отты тұлға лапылдаған.
Өлеңмен өрілген сом тұлға шарпылмаған.
Ел мен жерді дауын айтып ханға, ұлыққа,
Жақпады ханына, қайта батты былыққа.
Ұлы істің, ұлыстың жаршысы боп,
Теңсіздікті тіледі қара нардай халыққа.
Исатаймен бірігіп, талай шықты жорыққа,
Басын тігіп бәйгеге талай шықты соғысқа,
Елдің қамы жер үшін, тәуелсіздік таңы үшін
Ұрпақ үшін, біз үшін жинап алды мол күшін.
Тәуелсіздік таңы – Махамбеттің арманы еді,
Махамбет – талай батырлардың тарланы еді.
Атойлап Махамбет, Исатайлар текке өтпеген,
Тәуелсіздік таңы атты, ұрпағының таланты көп.
Бәйтерексің
Қазақстан - туған өлкем, Отаным.
Мен еліме еркелеген ботамын,
Қияларға қанат қақсын деп Отан,
Білем маған алқаның тосарсың.
Саялаймын оттан да ыстық құшағың,
Таза ауасын құшырлана жұтамын.
Қазақстан - құт - береке, мекенім,
Бәйтерексің, мен жайқалған бұтағың.
Махамбетке арнау.
Атадан туған аруақты ер,
Беркініп садақ асынып,
Жолбарыстай ақырып
Жауының құтын қашырып,
Еділ үшін егесіп,
Жайық үшін жандасып,
Теңсіздікті жоям деп,
Ақыры әділдікті табам деп,
Толарсақтан саз кешіп,
Қарсыласқан дұшпанға
Садақ болып атылып,
Найзағай болып жарқырап,
Тау суындай арқырап,
Жасын болып гүрс етер
Жапанға біткен бәйтерек,
Ат үстінде күн көріп,
Аштық көріп, шөл көріп,
Көп үшін жинап мол күшін,
Қара нардай зор күшін.
Бір Аллаға сыйынып,
Тәуелсіздікті ту етіп,
Армандап өткен Махамбет
Осы күнді, жігіттер,
Нарынның құмын сан кешіп,
Тәңірден тілеп тілекті,
Палуандай жұмыр білекті,
Қайратты, асыл жүректі.
Найзаға қылышты білепті.
Қара қылды қақ жарып,
Халықтың мұңын мұңдасып,
Тәуелсіздікті тілепті.
Құдайы басқа салған соң
Көрген екен көп зорлық
Елімен бірге асыл ер.
Бүгіндері ақталып,
Махамбеттей асыл ер
Жасампаз ұлы ұрпағы
Махамбетті ұлықтап,
Ұлы баба асын берді.
Ұлы батыр елінде
Қарағайлы нуы бар,
Суы тұнық көлі бар,
Балдырғанды елі бар,
Ата - бабадан қалған жері бар,
Жері байдың – елі бай ,-
Деп атам қазақ та айтпап па?!
Махамбет – жасампаз ұлы тұлға.
Ана
Дүниенің ең қымбаты анаң екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың еңбегі зор дара екен
Ананың ақ сүтін ақтау парыз деймін.
Еңбегі бізге болар қарыз деймін.
Меккені үш аяласа да өтелмеген
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Махамбеттің лирикалық өлеңдері
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты
Махамбет поэзиясы
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық
Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
Шамшадин мен Клараның, Мерей тойына арнау
Төреқұлов атама арнау
Анаға арнау
Мұхтарға арнау
ЖОО және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары