Сөйлемдердің түрлерін ата
Сайыс туралы қысқаша мәлімет
Бұл материал 2-сынып оқушылары арасында өткізілген «Күш – білімде» атты білім сайысының жоспары мен мазмұнын жүйелейді. Сайыс оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, ойлау мәдениетін, тілдік сауаттылықты және пәндерге қызығушылықты арттыруға бағытталған.
- Тақырыбы
- Күш – білімде
- Сынып
- 2-сынып оқушылары
- Өткізілген уақыты
- 28.01.2014
- Көрнекілігі
- «Ғажайып ұяшықтар» плакаты, тақырып бөлімдері жазылған парақшалар.
Мақсаты
- Оқушылардың зеректік қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру және озық ойлы оқушыны анықтау.
- Дүниетанымын кеңейту, білімге қызығушылығын күшейту, ойлау және ойды жүйелеу қабілетін арттыру.
- Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Ұйымдастыру жұмыстары
- 1. Сайыстың мақсатын таныстыру.
- 2. Қатысушылармен таныстыру (6 оқушы).
- 3. Ұпай санау тәртібін түсіндіру және жеңімпазды анықтау.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 2-сыныптар арасында өтетін «Күш – білімде!» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең белгілі бір пәнге арналады және ұпай арқылы бағаланады. Ойыншыларымызға сәттілік тілейміз!
Бағалау қағидасы
Әр кезеңде жазбаша тапсырма және сұрақтар топтамасы беріледі. Жиналған ұпайлар қосылып, ең жоғары нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады.
Сайыс кезеңдері
1-кезең: Қазақ тілі
Тапсырма (5 ұпай)
Сөзді буынға бөлу (жазбаша): Қоңырау.
10 ұпайлық сұрақтар
- Дауысты дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді? Түбір дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді? Жұрнақ дегеніміз не?
- Сөйлемдердің түрлерін ата. Туынды сөз дегеніміз не?
- «Ң» дыбысы қандай дыбыс? Жалғау дегеніміз не?
- «І» дыбысы қандай дыбыс? Сұраулы сөйлемнің ережесін айт.
- «Й» қандай дыбыс? Лепті сөйлемнің ережесін айт.
2-кезең: Математика
Тапсырма (5 ұпай)
Теңдеуді шешу (жазбаша): 60 + x = 90.
10 ұпайлық сұрақтар
- 1 аптада неше күн бар? (6 + 7)
- Шаршы дегеніміз не? (8 + 4)
- Бұрыш түрлерін ата. (7 + 5)
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (6 + 5)
- Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? (9 + 3)
- Екі таңбалы сандарды қалай қосамыз? (4 + 7)
3-кезең: Дүниетану
- Ағаш діңін тоқылдатып, қабық астындағы жәндіктердің дернәсілдерін тауып жейді. Ол не? Тоқылдақ
- Біреуі ауыр олжа тапса, басқалары дереу көмекке келеді; олжаны сүйретіп, бір ізбен тізбектеле жүреді. Олар кімдер? Құмырсқалар
- Күндіз тынығады да, түнде қорегін аулауға шығады. Ол қандай құс? Жапалақ / Үкі
- Көктем мен күзде түлеп, түсін өзгертеді; желаяқ, жүйрік әрі секіргіш. Ол не? Қоян
- Тауыққа ұқсайтын кішкентай құс; қалың шөптің арасын шұңқырлап, ұя салады. Ол не? Бөдене
- Мысық тұқымдас жабайы аң; биік тау басында тіршілік етеді, ақылды, күшті, сымбатты. Ол қандай аң? Барыс
4-кезең: Әдебиеттік оқу
Бұл кезеңде мәтіндегі кейіпкердің сөзі оқылады. Сайыскерлер сол сөз қай мәтіннен алынғанын табуы тиіс.
-
«Лашығына оралған қызметші: “Ендігі уақытта балаларымды қалай асыраймын?” деп қайғырыпты.»
Жауабы: Ханзаданың достығы
-
«— Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, — дейді Көкек.»
Жауабы: Қарлығаш пен Дәуіт
-
«— Саған бірдей екі ойыншықтың керегі не? — деп таңданды әкесі.»
Жауабы: Қайырымды бала
-
«— Телефонмен “Жедел жәрдемді” шақырған қайсың? — деп сұрады дәрігер.»
Жауабы: Әжесін қайсысы жақсы көреді?
-
«— Мұғалім, тиыным қалтамда екен. Мен оны портфеліме салған сияқты едім, — деді Сәлима.»
Жауабы: Алтай ақша сұрамайды
-
«— Оның себебі, балам, анау ағашты күтіп-баптап өсірген, — деді атасы.»
Жауабы: Бақша ағаштары
Ұпай санау және қорытынды
Ұпайларды есептеу
Құрметті сайыскерлер! Енді 6 оқушының жинаған ұпайларын есептейміз. Қолдарыңыздағы ұпайларды қосыңыздар. Ең жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.
Қорытынды сөз
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі «Күш – білімде» атты білім сайысы өз мәресіне жетті. Бұл сайыс жыл бойы алған білімдеріңізді көрсетуге мүмкіндік берді. Сайыс барысында білімдеріңізді сарапқа салып, біліктіліктеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздер өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриот әрі білгір азамат боласыздар деп сенеміз.
Нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары және алғыс хаттар табыс етіледі.