Ашылды жеңіс күннің парақтары

Мерекелік іс-шараның мақсаты

Оқушыларды өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке, адалдық пен батылдыққа тәрбиелеу. Сонымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге және еркін, мәнерлі сөйлей білуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер мен портреттер
  • Гүлдер мен шарлар
  • Слайд материалдары
  • Кітаптар көрмесі және т.б.

Салтанатты ашылу сөзі

Жүргізуші

Құттықтау және ашылу

Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тоқтатып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс айта отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!

Мұғалім

Тарихи пайым

Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақты жер жастандырып, жат елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланады. Өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына — 70 жыл.

Ән

«Қазақстаным менің»

Орындайтындар: ________________________

Жеңіске арналған жыр жолдары

Жүргізуші

70 бейбіт көктем таң атқалы,

70 шуақты күн таратты әнін.

70 көктемде содан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Фильм көру

Туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова туралы фильмді бәріміз бірге тамашалайық.

Көрініс

«Майданнан жазылған хаттар» — 8-сынып оқушылары.

Тарихи дерек және ерлік тағылымы

Мұғалім

Ұлы Жеңісті жақындатуға Аманкелді ауданы халқы да зор үлес қосты. Аудан бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521 жауынгер майдан даласында қаза тапты. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың рухын асқақтатты.

Есімдері ел жадында

  • Мәншүк Мәметова
  • Әлия Молдағұлова
  • Бауыржан Момышұлы
  • Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов
1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-ші шабуылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейін от-жалынды бастан өткерді.

Кітаптар көрмесі

Ерлік пен Отанға қызмет ету туралы кітаптар көрмесі ұсынылады.

Құрмет көрсету рәсімі

Жүргізуші

Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Біздің салтанатты жиынға бейбіт күнді елі мен жері үшін арыстандай арпалысқан жеңімпаз ардагерлеріміз жақындап келеді. Орнымыздан тұрып, құрмет көрсетейік.

Би

«Қамажай»

Орындайтын: ________________________

Мұғалім

Ардагерлер — атамекен айбыны.

Сақтады олар елін-жерін, намысын,

Ақтады олар азаматтық борышын.

Сол үшін де қолтығынан демейік,

Ардагерге, майдангерге

Барлық жерде басымызды иейік.

Жүргізуші

Жазылған жоқ өткен күн жоралары,

Сиреп кетті-ау қарттардың аралары.

Бабам жауға бермеген туған жерді

Қорғайды әлі баламның балалары.

Үнсіздік минуты

Мұғалім

Фашистік Германияны жеңудегі басты күш — халық бірлігі еді. Бұл соғысқа тартылмаған жан, зардабын тартпаған отбасы жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық.

1 минут үнсіздік

Еске алу сәті.

Оқушылардың құрметтеу сөзі

Арман

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем шуақ — Тоғызыншы май күні.

Айтшы, кәне, біздің Жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі?

Дамир

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем болып,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Қазбек

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем болып,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Сағат

Саған құрмет, бейбітшілік сақшысы,

Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.

Саған — миллион жүректердің сәлемі,

Саған — сөздің шырайлысы, жақсысы.

Жүргізуші

Батыр ұл есімдері ақталады,

Жыр болып жүректерде сақталады.

Ғасырдан ғасырға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Ән

Сания Жарылғапованың орындауында «День Победы» әні.

Қорытынды сөз

Мұғалім

Бүгінгі күн — көптен күткен салтанатты күн. Зымыраған уақыт қанатында Жеңістің 70 көктемі де келіп жетті. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Бұл сөз — өткенге ғана емес, болашаққа да аманат. Олай болса, Ұлы Жеңістің 80 жылдығында жолығайық.

Жүргізуші

Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман — сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.

Ұлы Жеңіске арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.

Ізгі тілектер

Мұғалім

Ардагерлерге мың тағзым!

Жүргізуші

Жеңістің туы мәңгі желбіресін! Жер үстінің шуағы тарқамасын!

Мұғалім

Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше, аман-сау болыңыздар!