Біржасушалы жануарлардың түр саны
Сабақ туралы
Пән
Биология (7-сынып)
Тақырып
Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілерді қатар біріктіретін қарапайымдылар өкілі. Колониялы талшықтылар туралы түсінік.
Жалпы мақсат
Жасыл эвгленаның құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіру және оның бойынан жануарларға да, өсімдіктерге де тән белгілердің қатар кездесетінін дәлелді түрде көрсету. Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- Эвгленаның хлоропласттары бар болғандықтан «жасыл эвглена» деп аталатынын біледі.
- Талшықтары арқылы қозғала алатынын түсінеді.
- Күндіз фотосинтез арқылы қоректенетінін және тіршілік етуіне жарықтың әсерін сипаттай алады.
- Дүниетанымы кеңейіп, өз ойын еркін жеткізуге, бірін-бірі қолдауға және өзара түсіністікке келуге дағдыланады.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Негізгі идея
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың бір-бірінен қолдау таба алатынына сенімділігін арттыру. Оқушыларды өздігінен оқып-үйренуге, дербес пайым жасауға дағдыландыру. Жаңа материалды талдау арқылы талшықтылардың тіршілік ету жағдайларының ерекшеліктерін ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау (миға шабуыл)
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
- Семантикалық карта
- Тест тапсырмалары
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу.
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Пәнге қызығушылықты ояту үшін «миға шабуыл» ұйымдастыру.
Ой қозғау сұрақтары
- Неліктен жануарларда фотосинтез процесі жүрмейді?
- Неге біржасушалы жануарлар тірі ағза ретінде қарастырылады?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы тест сұрақтары арқылы тексеріледі. Бағалау түрі: формативті бағалау және өзін-өзі бағалау.
Тест сұрақтары
-
Ғаламшарда жануарлардың жалпы саны?
- a) 2 млн
- ә) 1,5 млн
- б) 500 мың
-
Жануарларды зерттейтін ғылым саласы?
- a) герпетология
- ә) ихтиология
- б) зоология
-
Жануарлар дүниесінің қанша тармағы бар?
- a) 3
- ә) 4
- б) 2
-
Біржасушалы жануарлардың түр саны?
- a) 45 мың
- ә) 70 мың
- б) 60 мың
-
Жүйелеу дегеніміз не?
- a) барлық жануарларды кішісінен үлкеніне қарай топтастыру
- ә) барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, жіктеу
- б) барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру
-
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша ... деп бөлінеді.
- a) біржасушалы және көпжасушалы
- ә) омыртқасыз және омыртқалы
- б) қарапайымдар және жәндіктер
-
Омыртқалы жануарларда желі қашан сақталады?
- a) ұрықтық сатысында
- ә) өмір бойы
- б) ересек кезінде
-
Фауна — ... әлемі.
- a) өсімдіктер
- ә) саңырауқұлақтар
- б) жануарлар
-
Біржасушалылар көбіне қай жерлерде тіршілік етеді?
- a) суда
- ә) топырақта
- б) ауада
-
Омыртқалы жануарлар қандай топқа жатады?
- a) біржасушалы
- ә) көпжасушалы
- б) қарапайым
III. Қорытындылау
Үй тапсырмасын қорытындылау үшін семантикалық карта қолданылады. Оқушылар өз білімін жүйелеп, негізгі ұғымдарды байланыстырады.