Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру

Әдебиеттік оқу (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Мұқағали Мақатаев — «Үш бақытым»

Формат

Әдебиеттік оқу сабағы бойынша жоспар

Сабақтың мақсаты

  • «Үш бақытым» өлеңімен таныстыру.

  • Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

  • Туған жерін, елін қорғай білуге баулу.

  • Патриоттық сезімін оятып, ой белсенділігін арттыру.

Табыс критерийлері

Өлең мазмұнын ашу

Өлең идеясын талдап, мазмұнын ашуға мүмкіндік беру.

Жеке қабілетке сүйену

Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

Сөйлеу дағдылары

Сөйлеу дағдыларын дамыту.

Топтық жұмыс мәдениеті

Топта жұмыс барысында өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

  • Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады.

  • Өлеңнің негізгі идеясын ашады.

  • Өлеңдегі үш бақытты салыстырып, айырмашылығын ажыратады.

  • Өз ойын жүйелі түрде білдіреді.

  • Жұппен және топпен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.

  • Ортақ шешім қабылдап, талқылауды үйренеді.