Сұраққа жылдам жауап бер

Сабақ: «Буын және оның түрлері»

Қазақ тілі, 4-сынып. Қорытынды және пысықтау сабағы. Ұран: «Ойлы болсаң, озып көр!»

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: жаңа тақырыпты меңгерту, сөздің буынын таба білуге және өздігінен жұмыс істеуге үйрету; алған білімді бекіту.
  • Дамытушылық: теорияны практикада қолдануға дағдыландыру; тапқырлықты, шапшаңдықты, жинақтылықты және тілдік қорды дамыту.
  • Тәрбиелік: бір-біріне көмектесуге, ұжымдық жұмысқа баулу; ана тілін сүюге, ақыл-ойды дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі
Қорытынды, пысықтау
Әдістері
Түсіндіру, сайыс, сұрақ-жауап, жылдам тапсырма
Көрнекілігі
Кесте, слайд, сызба, үлестірме қималар

Сабақтың барысы (қысқаша)

  1. 1Ұйымдастыру: амандасу, түгендеу, психологиялық дайындық.
  2. 2Үй тапсырмасы: жазба жұмысты тексеру, ережелерді ауызша сұрау.
  3. 3Жаңа тақырып: буын және оның түрлері.
  4. 4Бекіту: деңгейлік тапсырмалар мен сайыс бөлімдері.
  5. 5Қорытынды: мақал-мәтелді аяқтау арқылы пысықтау.

Теория: фонетика және буын

Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың бірігуінен жасалған фонетикалық бөлшек.

Ашық буын

Бір ғана дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.

а-ға а-на ба-ла да-на са-на

Тұйық буын

Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.

ар от аш ас

Бітеу буын

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын (дауысты дыбыс ортасында келетін) буын.

тас бас жол қар

Бекіту тапсырмалары

2-бөлім: «Ұшқыр ой»

Сөздерді буынға бөліп, буын түрін анықтаңдар:

сыйлық кітапхана қолшатыр мұғалім теледидар денсаулық балапан дәрігер

3-бөлім: «Біліміңді мықта!»

Сұрақтарға жылдам жауап бер:

I топ

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
  2. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
  3. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

II топ

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
  3. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

4-бөлім: «Сен білесің бе?»

Сұрақтарға кезекпен толық жауап бер:

  1. 1. «Кел, балалар, оқылық!» — кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
  2. 2. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  3. 3. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)
  4. 4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
  5. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы жобасының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  6. 6. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
  7. 7. «Кім? Кімдер? Не? Нелер?» сұрағына жауап беретін сөз табы қайсы? (Зат есім)
  8. 8. Төрт түлік малды ата. (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)
  9. 9. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
  10. 10. «Жұмыртқа» сөзінде неше буын бар? (3 буын: жұ-мырт-қа)

5-бөлім: «Ойлан да, аяқта»

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап:

1. Күш — білімде, білім — кітапта.

2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

3. Денсаулық — зор байлық.

4. Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.

5. Анадан артық дос бар ма?

6. Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды.