Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын

Сабақ тақырыбы

Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы (2-сынып).

Сабақтың негізделген оқу мақсаттары

  • Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтін мазмұнын болжау.
  • Синоним, антоним, омоним сөздерді (сөздікті қолдана отырып) ажырату, мағынасын түсіну және сөйлеу барысында қолдану.
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, әріптерді байланыстырып, көлбеу және таза жазу.
  • Көптік жалғауларын дұрыс қолдану.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәлімет пен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

  • Оқулық, суреттер.
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар.
  • Топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикерлер.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
  • Ойын, көрнекілік.
  • Рефлексия.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды бағалау парақшасымен таныстыру және топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылықты, сенімділікті және еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық:

  • Қатысушылар шеңбер болып отырады.
  • Оқушыларға: «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз келеді, нені көргіңіз келеді?» деген сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалады.
  • Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды, тренинг шеңбер бойымен жалғасады.
  • Тренинг соңында барлық қатысушы дөңгеленіп, қол ұстасып тұрады.